Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ФУТБОЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 23 МЫҢ ЖАНКҮЙЕР ЕЛІМІЗДІҢ ӘНҰРАНЫН ОРЫНДАДЫ

🔷 Бүгін Шымкент қаласында футболдан Қазақстан чемпионатының 12-ші туры аясында Ордабасы мен Атырау командалары арасында тартысты матч өтуде. Ойынның ашылу салтанаты сәтінде 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, опера әншісі Майра Мұхамедқызымен бірге орталық стадионға жиналған 23 мыңнан аса жанкүйер бір мезетте еліміздің әнұранын шырқады. 🔷 Көк туымыз қалықтаған аспан астында шабыт алған футбол шеберлерінің бұл ойыны тартысқа толы болды. Матч Ордабасылықтардың 2:1 есебіндегі жеңісімен бітті. Ойын барысы жанкүйерлерге тамаша әсер қалдырды. Бұл ойынды көруге келген жанкүйерлердің көңіл-күйінен айқын байқалды. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫНЫҢ АЛДЫНА АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖАППАЙ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҮРУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР ҚОСТАНАЙҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ

smarttop

Триумфальный камбэк: тяжелая атлетика Казахстана вернула себе лидирующие позиции

smarttop

Пікір қалдыру