Smarttop.kz

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ! 

Жазғы шомылу маусымының басталуына орай қала аумағында Тоғыс және Бадам су қоймаларындағы «Холодильник» және «Рахат Бадам» демалыс орындарында, Қошқар ата өзенінің бастауында және қаладағы жеке аквасаябақтарда шомылуға рұқсат етілген. Сонымен бірге шомылуға тыйым салынған 13 су айдыны ресми түрде айқындалған. Олар: «Текесу», «Ақжар» су қоймалары, «Бадам», «Сайрам», «Қарасу» өзендерінің барлық арнасы; «Шымкент магистральды каналы; «Янги-шек», «Азат», «Көкбұлақ», «Хауау», «Сасық» каналдары, «Қайнарбұлақ» жасанды көлі; «Қошқар ата» өзенінің (өзеннің бастауынан басқа) – барлық арнасы; 🔷 Су айдынында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар: — Рұқсат етілмеген жерлерде шомылмаңыз; — Суға мас күйінде түспеңіз; — Балаларды судың маңайында қараусыз қалдырмаңыздар; — Жүзу үшін тақтайша, камера, пенопласт, үрмелі матрастарды қолданбаңыз; — Жүзу білмесеңіз, суға беліңізден жоғары түспеңіз; — Түнде суға шомылмаңыз; — Жағалаудан алыс жүзіп кетпеңіз. Шомылуға рұқсат етілмеген орындарда және қала ішіндегі субұрқақтарға түсу адам өміріне қауіпті екенін ескертеміз! 🔷 Ережені бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту қарастырылғандығын; жеке тұлғаларға – 7, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 60 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынатындығын еске саламыз. Сіздің қауіпсіздігіңіз – сіздің жауапкершілігіңіз!

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ШЫРШАСЫ ЖАҒЫЛДЫ

smarttop

Полицейлер дүкенде тұрған сөмкеден алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған күдіктілерді ұстады

smarttop

САПАЛЫ СУМЕН ТОЛЫҚТАЙ ҚАМТЫЛАТЫН КҮН АЛЫС ЕМЕС

smarttop

Пікір қалдыру