Осыған байланысты, суға шомылу кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және суда балалардың қаза болуы жағдайларына жол бермеу мақсатында төмендегі ережелерді қатаң ұстануды ескертеміз.
Маусым-тамыз айларында балаларға бақылау жасау ересектер тарапынан әлсірейді. Ата-анасының жеткіліксіз көңіл бөлуі салдары орны толмас оқыс жағдайларға апады.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
• Қоршау белгісінен әрі жүзуге!
• Тыйым салынған орындарда суға түсуге!
• Балаларды қараусыз қалдыруға!
• Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға!
• Суда ойнауға!
• Жалған айқай, қатер белгісін беруге!
• Өтіп бара жатырған катерге, қайыққа жақын жүзуге!
• Көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге!
• Тамақ ішкен бойда суға түсуге!
• Таныс емес жерге сүңгуге!
• Дауылды күні немесе күшті соқпа толқыны бар жерлерде суға түсуге!
• Балдырлары бар шалшықты суға түсуге!
ШОМЫЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕС!
• Суға абайлап түс.
• Жүзу білмесең, суға белден аса тереңдікке барма.
• Жалғыз шомылмауға тырыс.
• Егер де ағысы қатты суға түсіп кетсең, ағысқа қарсы жүзуге тырыспа, оған шамаң жетпейді. Мұндай жағдайда жағаға жақындайтындай болып ағыс бойымен жүзуің керек.
• Көмекке шақырудан ешқашан ұялма.
• Балалардың суға шомылуы тек ересектердің бақылауымен жүргізілуі керек.
Сондай-ақ тұрғындарға судағы қауіпсіздік шаралары қосымша ескертіліп, арнайы жадынамалар таратылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жазғы сауықтыру лагерлерінде де жалғасуда. Төтеншеліктер балаларға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіруде. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі