16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

🔷 Бүгін Үкіметтің жаңартылған құрамының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселені қарау алдында Үкіметтің жаңа мүшелерінің ант беру рәсімі өтті. Салтанатты рәсімнен кейін Әлихан Смайылов жауаптыларға межеленген міндеттерді, осыған дейін қабылданған жоспарлар мен тұжырымдамаларды, сондай-ақ Мемлекет басшысының әсіресе соңғы Жолдауда берілген тапсырмаларын орындау қажеттігін тапсырды.

Бүгінде қалада жылу беру маусымына дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Жалпы, республика бойынша 593 шақырым жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінде оның 64,4%-ы жөнделген. Жұмыстар 50-ден 75% дейін орындалған өңірлер арасында Шымкент қаласы бар. Мегаполисте қолданыстағы жылу жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды.
№1 қазандықтың жөндеу жұмыстарын 20 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған. Бөлек орналасқан 23 жылу қазандығынан бүгінде 19-ы қысқы маусымға дайын, қалған қазандықтар бойынша әзірліктер 15 қыркүйекке дейін толық аяқталады.
Сондай-ақ қаладағы 2076 көпқабатты тұрғын үйдің жылу жүйелерінің дайындығын күшейтіп, 1 қазанға дейін аяқтау жоспарланған.

🔷 Премьер-Министр жергілікті әкімдерге тиісті министрлікпен тығыз байланысып, егістіктердегі шараларды уақтылы жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ осыған дейін жылу беру маусымында жіберілген кемшіліктерді ретке келтіріп, дайындықтарды күшейтуді ескертті.
Жалпы, қаланың қысқа дайындық жұмыстарының барысы, күзгі жиын-терімге қатысты шаралардың барлығы да М.Дүйсенбекұлының тікелей бақылауында. Бұл ретте апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.

🔷 Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы Жолдауда айтылған барлық бастама мен тапсырманы қамтиды. Құжат жедел экономикалық өсімге, инфрақұрылым мен инновацияларды дамытуға ықпал ететін жаңа экономикалық саясатты іске асыру жөніндегі маңызды міндеттерді шешуге бағытталған. Бұл, сайып келгенде, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына әсер етеді.
Аталған шараларды тиімді іске асыру, бірінші кезекте министрлер мен әкімдерге жүктеліп отыр. Сондай-ақ барлық мемлекеттік органның, әкімдіктердің Жоспарды бірден орындауға кірісуі қажеттігі ескеріліп, бірінші басшылардың көзделген іс-шараларды сапалы және уақытылы орындалуы қамтамасыз етілуі қажет. Бастысы қаржыландыруға қатысты барлық мәселе жан-жақты пысықталуы керектігі назарға алынуда.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ӨНЕРТАПҚЫШ ӨРЕНДЕР МЕРЕКЕДЕ ЖЕТІСТІКТЕРІН ПАШ ЕТТІ

smarttop

САУДА ОРЫНДАРЫ АУМАҒЫНА АЯҚЖОЛДАР САЛЫНУДА

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру