13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ӨРТТІ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫНА ҚЫЗУ КІРІСТІ

🔷 Шымкент қаласы аумағында қазір өртті алдын алу бағытындағы маусымдық шаралар қарқынды жүргізілуде. Бүгін Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері егістік алқаптарын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Төтеншеліктер Бозарық елді мекенінде орналасқан «Алма бақ» ұжымын және бидай алқаптарын аралады.

Өртенген заттың иісі немесе түтіннің пайда болуы – басталған өрттің алғашқы белгісі. Ең алдымен, өз-өзіңізді қолыңызға алып, уайымдамауға тырысыңыз. Өрт сөндіру диспетчеріне қоңырау шалып, мекен-жайыңызды айтыңыз. Егер, өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті сөндірсеңіз, сіздің қоңырауыңыз «жалған қоңырау» болып есептелмейді. Өрт сөндірушілер өрт болған орынды тексеріп, келесі жолы бұндай жағдай болмас үшін оның шығу себептерін анықтайды.

Жаңа ғана басталған өртті өз күшіңізбен, су, жамылғыш, өртсөндіргіш арқылы тоқтатуға болады. Егер, сіздің ыңғайыңызға көнбесе, дереу қашып, кәсіби мамандарға жүгініңіз.

Егер, сіздің үйіңіз өртке оранса, үйдің ішінде қалмауға тырысыңыз.  Мүмкіндік болса, тоқ көзін, газды өшіріп, есік-терезені жабыңыз. Есікті мұқият бітеп жауып, сыртқа шығып, көршілерге де хабарлаңыз. Үйден шыға бере баспалдақта ешқандай өрт болып жатпағанына көз жеткізіңіз.

Егер, міндетті түрде тысқа шығатын болсаңыз, есікті ақырындап ашыңыз, әйтпесе, оттегінің әсерінен жалын шарпып өтуі мүмкін. Лифтке мүлдем мінбеңіз, бұл өте қауіпті және сіздің мүмкіндіктеріңізді шектеп тастайды.

Егер, үйден шыға алмай қалсаңыз, түтін жоқ жерді тауып алыңыз. Жасырынған жеріңізді герметикалап (герметикалау — ғимаратардың сыртқы қабырға панельдерін полимер кұрамды затпен бітеу), барлық саңылауларды қолыңызда бар заттармен (сулы болғаны дұрыс) бітеңіз, терезені ашпаңыз. Ашық тұрған терезе оттегінің тұтанып, өрттің өршуін үдетеді.

Шаруалармен кездесіп, минералды жолақтардың салыну тәртібі мен өрт қауіпті кезеңіне дайындық шараларын пысықтады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ОҢТҮСТІККОРЕЯЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойына орай Шымкентте арнайы конференция өтті

smarttop

ШЫМКЕНТТІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ АВТОМАТТАНДЫРЫЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру