13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: КОНГРЕСС-ХОЛЛ ҒИМАРАТЫ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

🔷 Қаламызда салынып жатқан халықаралық деңгейдегі Конгрес-холлдың құрылыс жұмыстары қазір кестеге сай жүргізілуде. Бүгінде ғимарат құрылысы 70%-ға дейін дайын болды. Аяқталу мерзімі 2023 жылдың үшінші тоқсаны деп күтілуде. 🔷 Айта кетейік, үшінші мегаполистің Шымсити шағын ауданынында бой көтерген Конгресс-холл жаңаша, көп функциялы мәдени және ойын-сауық нысаны ретінде биыл пайдалануға беріледі. Мұнда халықаралық конгресстерді, форумдарды, мәжілістерді, симпозиумдарды, ресми іс-шараларды және пленарлық отырыстарды өткізуге мүмкіндік мол. 🔷 Конгресс-холл екі блокқа бөлінген, үш қабаттан тұрады. Бірінші блокта мәдени көпшілік іс шараларға, спектакльдерге арналған кәсіби мультимедиялық жабдықтар орнатылған 2066 орындық көрермендер залы орналасқан. Сондай-ақ, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық пресс кабинет бар. Екінші және үшінші қабаттарда көркемдік және киім-кешек бөлмелері, сахнаға қызмет көрсету үшін техникалық бөлмелерді де осы бірінші блоктан көруге болады. 🔷 Ал екінші блокта қолөнершілер орталығын көре аласыз. Екінші блоктың бірінші қабатында қолөнер шеберлерінің шеберханалары, оның ішінде тоқу шеберханасы, керамикалық бұйымдар, ағаш, тері, киіз, зергерлік бұйымдар шеберханасын кездестіресіз. Сонымен қатар, қолөнершілер дайын бұйымдарын қоя алатын көрме алаңы, қолөнер тарихымен танысу үшін бірінші қабаттағы мультимедиялық кабинет, қазақ ұлттық билеріне арналған үлкен би залы, музыкалық зал, қазақтың дәстүрлі үстел ойындарына арналған кабинет те осы әсем ғимараттың еншісінде. Орталықтың мақсаты – мегаполис тұрғындарына рухани жігер және мәдени орта сыйлау, жастарды ұлттық қолөнерді баулу және үйрету. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

КОНСТРУКТИВНЫЙ ДИАЛОГ – ЗАЛОГ СТАБИЛЬНОСТИ

smarttop

Шымкентте жанар-жағармай бекетінің кассасынан 12 млн теңге жымқырған ер адам сотталды

smarttop

ЖАЙЛАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН КӨРМЕГЕ 1000-НАН АСА ҚҰС ҰЯСЫ ҚОЙЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру