3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІҢ СОҢҒЫ 4 ЖЫЛДАҒЫ ДАМУ ДИНАМИКАСЫ ЖОҒАРЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялық қызметі алаңында өткен брифингте қаланың мегаполис мәртебесін алғаннан бергі негізгі даму көрсеткіштері мен осы жылдың алты айлық қорытындысын баяндады.Қаланың жағдайын баяндауда көрсетілген, әр саласындағы негізгі көрсеткіштерінің даму динамикасында Шымкент қаласының барлық көрсеткіштерінде өсім  динамикасы бар екендігі баяндалды.

Әкім соңғы 4 жылда қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 60 пайызға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30 пайызға, қала бюджеті 4 есеге өскенін айтты.

«Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 492,3 млрд. теңгеден 785,4 млрд. теңгеге ұлғайды. 1,5 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды. Биыл қалаға жарты триллионнан астам инвестиция тарту жоспарланған. Инвестиция тарту бойынша Шымкент 2021 жылдан бері елімізде көш бастап келеді. Сонымен бірге 2,6 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, оның 1 миллионы өткен жылы берілді.Қаланың бюджеті инвестиция арқылы көбейту жүзеге асырылатын айтып көрсетті. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнім көлемі алғаш рет 1 трлн. теңгеден асты. Ал, қала бюджеті 146,2 млрд. теңгеден 573,7 млрд. теңгеге дейін артты. Осы уақыт ішінде 673,4 шақырым жол жөнделді. Бұл – алдыңғы 8 жылмен бірдей»,-деді М.Әйтенов.

Қаламыздағы ішкі орам көшелеріне күрделі  жөндеу көрсетілді. Мегаполис атанған қаламыздың күннен күнге көркеюі, экономикалық дамуы, бюджеттің еселенуі тынымсыз еңбектің арқасында. Сондай ақ,  брифинг барысында Республикалық басылым тілшілері сұрақтарды қарша боратты. Халықтың жағдайын мегаполис деген атқа сай болатындай жұмыс жасайтынын айтты. Мегаполис атауы берілген қала ретінде сұрақтардың жауабын берген қала әкімі алдағы уақытта жұмыстар тоқтамай, мегаполиске лайықты қала болатынын гүлденген әсем қалаға айналатынын, ол үшін халыққа қызмет етуден шаршамайтынын жеткізді.Республика деңгейінде экономикалық жағдайы бірнеше өзгерістер болатынын елімізде айқындап айтты.

Ұқсас ақпараттар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН АРТТЫРДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2024» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

smarttop

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

smarttop

Пікір қалдыру