Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізіп, мегаполистің әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндады. М. Дүйсенбекұлы республикалық қала мәртебесіне ие болған 5 жылда атқарылған жұмыстарды, барлық саладағы көрсеткіштерді баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап беруде.
Үшінші мегаполисте өндірілген өнімдердің сапасы жоғары бағаланып, сұранысқа ие болуда. Мысалы, күні кеше Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен 2021 жылғы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздары арасында шымкенттік компаниялар да бар. Осы арада айта кетелік, бұған дейінгі байқауларда Шымкент қаласындағы 7 компания «Алтын сапа» сыйлығын алған болатын. Биыл мегаполистен байқауға қатысуға 11 компания өтініш білдірді.Мегаполис мәртебесін алған уақыттан бері қала бюджетінің көлемі 4 есеге артты. Жыл басында бекітілген бюджет 388 млрд теңге болса, қазір 491 млрд теңгеге жетті немесе бір жылдың ішінде қала бюджеті 103 млрд теңгеге ұлғайды. Бюджеттің 45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталса, 25 пайызы даму жобаларын құрайды. Бұл көрсеткіштерден бөлек қалада білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, жұмыспен қамту секілді басқа салаларда да жетістіктер бар. Соңғы бес жылда қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд. теңгеден 937 млрд. теңгеге жетті. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өсті. Сонымен қатар осы уақыт аралығында қалаға 2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылып, бюджет көлемі 146 млрд. теңгеден 613 млрд.теңгеге жетті. Биыл мегаполистің макроэкономикалық көрсеткіштерінде де оң динамика бар. Жыл басынан бері инвестиция көлемі 22 пайызға, құрылыс жұмыстары 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 73 пайызға, бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артып отыр. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі