9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТҚАН

🔷 Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізіп, мегаполистің әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндады. М. Дүйсенбекұлы республикалық қала мәртебесіне ие болған 5 жылда атқарылған жұмыстарды, барлық саладағы көрсеткіштерді баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап беруде.

Үшінші мегаполисте өнді­рілген өнімдердің сапасы жо­ғары бағаланып, сұранысқа ие болуда. Мысалы, күні кеше Тә­уелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен 2021 жылғы «Алтын сапа» және «Парыз» сый­лықтарының жеңімпазда­ры арасында шымкенттік компания­лар да бар. Осы арада айта ке­телік, бұған дейінгі байқаулар­да Шымкент қаласындағы 7 компания «Алтын сапа» сыйлы­ғын ал­ған болатын. Биыл мегапо­листен байқауға қатысуға 11 компания өтініш білдірді.Мегаполис мәртебесін ал­ған уақыттан бері қала бюджеті­нің көлемі 4 есеге артты. Жыл ба­сын­да бекітілген бюджет 388 млрд теңге болса, қазір 491 млрд теңгеге жетті немесе бір жыл­дың ішінде қала бюджеті 103 млрд теңгеге ұлғайды. Бюд­жет­тің 45 пайызы әлеуметтік са­ла­ға бағытталса, 25 пайызы даму жо­ба­ларын құрайды. Бұл көрсет­кіштерден бөлек қалада білім, ден­саулық сақтау, спорт, мәде­ниет, жұмыспен қамту секіл­ді бас­қа салаларда да жетістіктер бар.🔷 Соңғы бес жылда қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд. теңгеден 937 млрд. теңгеге жетті. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өсті. Сонымен қатар осы уақыт аралығында қалаға 2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылып, бюджет көлемі 146 млрд. теңгеден 613 млрд.теңгеге жетті. 🔷 Биыл мегаполистің макроэкономикалық көрсеткіштерінде де оң динамика бар. Жыл басынан бері инвестиция көлемі 22 пайызға, құрылыс жұмыстары 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 73 пайызға, бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артып отыр. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

СТАЛ ИЗВЕСТЕН ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР 5-Х ВСЕМИРНЫХ ИГР КОЧЕВНИКОВ

smarttop

ЖАС БОКСШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ.

smarttop

ТАТУЛЫҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ — БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ ЕЛ ҮШІН

smarttop

Пікір қалдыру