0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ БЕС ЖЫЛДА 900 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

🔷 Соңғы 5 жылда ұзындығы 900 шақырымнан астам асфальтталған жол салынып, қаланың орталық бөлігіндегі ірі жолайрық пайдалануға берілді. Биылғы жылы қалаға кіреберістегі басты магистралды жолдағы жолайрықтың құрылысы, қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистралды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын Бәйдібек би-Арғынбеков жолайрығы, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдары, Қонаев даңғылының 3-ші кезеңін, А-2 автомобиль жолының 2-ші кезеңін, Өтегенов көшесінің жалғасын, Темірлан тас жолы және А-2 автомобиль жолындағы үш жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалануға беру көзделіп отыр.

Аудандарға жекелей тоқталар болсақ, мәселен, Абай ауданында 81,7 шақырым жол жөнделеді. Оның ішінде шалғай шағын аудандардағы 6,7 шақырым болатын жол қаралған. Олардың қатарында Солтүстік саяжай, агрофирма Қарасу, Тұрлан, Жаңаталап, Игілік және Жиделі шағын аудандары бар. Одан бөлек, 43,9 шақырым ішкі орам көшелер жөнделеді. 9,1 ш магистралды көше (Республика даңғылы мен Рысқұлов көшесі), 9,1 шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді. 12, 9 шақырымда құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

🔷 Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз брифингте мәлімдеді. Мұрат Дүйсенбекұлы халықты инфрақұрылыммен қамтуда бірінші кезекте, ауыз су, электр, табиғи газ мәселесін шешуге көңіл бөлінгенін жеткізді. Аталған мәселелер шешімін тапқан соң көлік инфрақұрылымын дамытуға мән беріліп жатқанына тоқталды.

🔷 –Салаға ауқымды қаражат қажет етуіне байланысты ірі жобалар кейінгі жылдарға шегеріліп келді. Көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражаттың көлемін биыл 38,0 млрд теңгеге жеткізіп, 2018 жылмен салыстырғанда 5 есеге ұлғайтылды — деді қала әкімі.

🔷 Нәтижесінде мегаполисте жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 2018 жылғы 54 пайыздан биыл 71 пайызға жеткізу көзделуде.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«Ruh camp» көшпелі оқыту семинары өтіп жатыр

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ: ТИІСТІ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАН НЫСАНДАРҒА 170 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

smarttop

Полицейлер түнгі уақытта заңды өкілсіз жүрген 13 жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салды

smarttop

Пікір қалдыру