14.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

М.ӘЙТЕНОВ: ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАҢА АГРС ХАЛЫҚТЫ ГАЗБЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШТІ

🔷 Қалада ауыз сумен қамту деңгейі 98, электрмен қамту 98, табиғи газбен қамту 94 пайызға жетті. Биыл елді мекендерді ауыз су, сапалы электр жүйелерімен қамту мәселесі шешілсе, 2025 жылы табиғи газ тарту құрылыстары аяқталып, қала халқы 100 пайыз көгілдір отынға қол жеткізеді.

🔷 Қала әкімі Мұрат Әйтенов Астана қаласындағы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында осылай деді.

🔷 Шымкентке осыдан бес жыл бұрын магистралды ауыз су қуаттылығы тәулігіне 273 мың текше метр болса, халықтың қажеттілігі 323 мың текше метрді құрайтын. Қала тұрғындары тәулігіне 330 мВт жарық қуатын қолданып келген. Газдандыру саласы әліде ауқымды мәселелердің бірінде тұр. Ал, негізгі қажеттілік 455 мВт. Шымкент халқы 270 мың текше метр табиғи газ қажеттілігі болғанымен, тәулігіне 180 текше метр газды тұтынып келді.

🔷 Жалпы қаладағы 297 мың халыққа ауыз су, 308 мың халыққа электр энергиясы және 257 мың тұрғынға табиғи газ жеткізу мүмкіндігі болмады. Мұндай күрделі мәселені шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаланы инженерлік инфрақұрылыммен қамту бойынша жоспар әзірленген.

🔷 –Қаланы инфрақұрылыммен қамту жөнінде арнайы жол карта әзірленіп, жоспар Үкіметтің қолдауымен қарқынды іске асырылып жатыр. 1 магистралды суаққы салынып, қуаттылығы тәулігіне 364 мың кубқа жетті. Ол, шамамен 2030 жылға дейін жетеді. 4 қосалқы станция салу арқылы, электр энергиясының қуаттылығы 490 мВт-қа жетіп, қаланың 2025 жылға дейінгі қажеттілігі шешілді. Газдандыру саласында да оң нәтижеге қол жеткіздік. Жаңа АГРС салу арқылы, газ қуаттылығы тәулігіне 430 мың метр кубқа жетіп, 2030 жылға дейінгі табиғи газ мәселесі шешімін тапты, — деді М.Әйтенов.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

smarttop

СПОРТТЫҚ РУХ КОМАНДАНЫ ШЫҢДАЙ ТҮСТІ

smarttop

ВАУЧЕРЛІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру