4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ӨТУДЕ

Шымкент қаласында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің жетекшілігімен өткен мәжіліске басқарма басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, олардың еңбегін әділ бағалау және дискриминацияға жол бермеу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының іске асырылуы және жалғызбасты қарттарды әлеуметтендіру бойынша жұмыстар талқыланды.

Комиссия мүшелері талқыланған мәселелер бойынша баяндамашыларға сұрақтарын қойып, бірнеше мәселенің шешу жолдарын қарастырды. Отырыстың нәтижесінде, Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы комиссия құзырлы орындарға нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берді. Бұл жұмыстар әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға және отбасындағы зорлық-зомбылықты азайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Бұл маңызды отырыста — әрбір қалыптасып келе жатқан жеткіншек балалардың тәрбиесі және олардың құқықтары айтылды. Осы жиында отбасылық құндылықтардың жандануына, түрлі буын өкілдерінің арасындағы бір-біріне деген жанашырлығын оятуға, ұрпақ тәрбиесіне қатты мән беріп, әр ата-ананың ой өрісін кеңейуіне қалай ықпал етуін талқылады. Қоғамда әйелдер мен балалардың және қарт кісілердің әлсіздігіне жете мән беріп, құқықтарын қорғауға ат салысар азаматтар көп болса нұр үстіне нұр болар еді. Алдағы уақытта мемлекет — отбасы институтын дамытуға, ана мен баланың және қарт кісілердің құқығын қорғау мәселесіне әрдайым айрықша назар аударуына сенеміз.

Ұқсас ақпараттар

РЕСПУБЛИКА КҮНІ — ТУҒАН ЕЛІМІЗДІҢ ЕГЕМЕНДІГІ БАСТАУ АЛҒАН КҮН

smarttop

ӘСКЕРИ МАМАНДАРДЫҢ ІС-ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ АЯҚТАЛДЫ

smarttop

ҚАРАТАУ АУДАНЫ: 45 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру