Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ «АЛТЫН ТҮЙМЕ» БЕЛГІСІН АЛТЫНШЫ РЕТ ИЕЛЕНДІ

🔷 Шымкент қаласы биылғы оқу жылында да цифрлық білім беру үдерісінде республика бойынша көш бастады. Қалалық білім басқармасына қарасты орта білім беру ұйымдары элекрондық журналды жүйелі толтыруы, мектеп мәзірінің сандық нұсқасын талапқа сай жүргізуі нәтижесінде осымен алтыншы рет «Алтын түйме» белгісін иеленіп отыр. Бұған дейін жергілікті білім ұйымдары «Алтын түйме» белгілеріне 2020-2021 оқу жылында – 2 рет, 2021-2022 жылында -2 рет және 2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығында ие болған еді. 🔷 «Алтын түйме» белгісі Kundelik.kz жүйесіндегі мәліметтер негізінде білім ұйымдарының электрондық журналдарды сапалы және уақтылы толтыруы ескеріле отырып беріледі. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ КЕҢІРДЕККЕ РЕКОНСТРУКТИВТІ ОТА ЖАСАЛДЫ

smarttop

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

smarttop

Шымкенттік ұландықтар “Көркем сөз шеберлері” байқауының үздігі атанды

smarttop

Пікір қалдыру