13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

СӘУІР АЙЫНАН БАСТАП СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗІДІКТІ САҚТАУ БОЙЫНША 36 РЕТ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап судағы қауіпсізідікті сақтау бойынша ТЖД тарапынан 36 рет рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті, демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізіледі.
Аудандық әкімдіктермен 2023 жылға әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша қазіргі таңда бассейндердің иелерімен 3 меморандум бекітілді.
Шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті мен аудан әкімдіктері тарапынан қала тұрғындары арасында су айдындарында қауіпсіздікті сақтау жөнінде үгіт-насихат жұмыстары үнемі жүргізуде. Қауіпті учаскелерде шомылуға тыйым салынғаны туралы ескерту тақтайшалары орнатылуда.Шомылу кезіндегі жазатайым оқиғалардың негізгі себебі-қауіпті жете бағаламау және қиын жағдайдан шыға алмау. Көбінесе адам жүзе алмағаны үшін емес, дүрбелеңге түскендіктен батып кетеді. Көбінесе қайғылы жағдайға мас болу, алыс қашықтыққа жүзу, дауыл ауа-райында шомылу, гипотермия, бұлшықет құрысуы, үрленетін жүзу құралдарының жарылуы, бала күтімінің болмауы, биіктіктен секіру сияқты себептер себеп болады. Судағы қауіпсіздікті медициналық пункт пен құтқару құралдары бар арнайы жабдықталған жағажайда қамтамасыз ету оңай. Жаз – бұл жазғы демалыс уақыты.Бүкіл отбасымен судың жанында демалу кезінде, балаларға ерекше назар аудару керек. Оларды бір минутқа қалдыруға болмайды. Олар тек ересектердің бақылауымен шомылуы керек. Жасөспірім жастағы ересек балалар, егер өздері су айдынына баратын болса, терең шұңқырлар, күшті ағымдар, иірімдер немесе үлкен толқындар болмаған жағдайда, тек осы үшін арнайы бөлінген қауіпсіз тексерілген түбі бар жерлерде ғана жүзуі тиіс. Көптеген жазатайым оқиғалар дәл тыйым салынған жерлерде шомылуға байланысты орын алады.
Жалпы су пайдалану қағидаларын бұзған жағдайда азаматтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес (412, 364, 440 баптары) жауапкершілікке тартылады.
Сондай-ақ, жедел құтқару жасағының қызметкерлерімен қауіпті учаскілерде кезекшілік ұйымдастырылуда.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: 33 КӘСІПОРЫНДАҒЫ 1304 ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ӨТЕЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

smarttop

ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ – ЕЛДІҢ ДАМУЫ

smarttop

Пікір қалдыру