40.3 C
Шымкент
Вторник, 22 июля, 2025
Smarttop.kz

БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ШІЛДЕ АЙЫНЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН АЯҚТАЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Өздеріңізге мәлім, қазіргі уақытта Тұран ауданында балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды. Қазіргі уақытта Жарқынбеков №17, Бәйдібек би №246, Мангельдин 40, Отырар №52 көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында және Құрсай елді мекеніндегі Құлантөбе, Ұзынағаш көшелерінде, Ақтас және Арғымақ елді мекендерінде балалар ойын алаңшаларының құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бекітілген жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары шілде айының соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Қазіргі уақытта аудан бойынша 366 ойын алаңшасы бар.
2023 жылдың қорытындысымен, Тұран ауданында барлығы 10 балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетін болады.
Сонымен қатар, биыл Тұран ауданына қарасты 10 аумақта ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда.

Жыл басынан бері Тұран ауданы тұрғындармен 32 рет арнайы кездесу өткізілді. Кездесулер барысында 112 мәселе көтеріліп, бүгінде оның 49-і шешімін тапты. Ал, 63 мәселе бойынша жұмыстар атқарылуда.
«Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасына сәйкес, әр аптаның сәрсенбісі күні сағат 18:00-де Тұран ауданы әкімі аппаратының Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир өткізіледі. Тікелей эфирде тұрғындар тарапынан қойылған сауалдар жауапсыз қалмайды.
Сондай-ақ, әр аптаның жұмасы күні сағат 15:00 – 19:00 аралығында аудан тұрғындарын қабылдау өткізіледі.
2023 жылы Тұран ауданы аумағындағы орталық көшелер бойындағы қоқыс жәшіктері жаңартылуда.
Қазіргі уақытта Қонаев, Республика даңғылы, Мангельдин, Байтұрсынов, Асқаров және Момышұлы көшелерінің бойындағы қоқыс жәшіктері жаңартылды.
Алдағы уақытта Темірлан тас жолы мен Республика даңғылы бойына орнатылатын болады.

Ұқсас ақпараттар

Бүгін Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті.

smarttop

Полицейлер зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға үгіт-насихат жүргізуде

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

smarttop

Пікір қалдыру