0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ ДӘРІГЕРЛЕР 106 ТҰРҒЫНҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Шымкент қаласында ашық есік күніне орай көмек көрсеттілді. 29 қазан — Дүниежүзілік инсультпен күрес күні. Осыған орай 22 қазан күні №2 қалалық ауруханасына қарасты емханада дәрігерлер «Ашық есік күнін» өткізіп, денсаулығы сыр беріп жүрген тұрғындарды қабылдады. Қаладағы тұрғындарға көмек көрсету үшін дәрігерлер қызмет етеді және кеңес береді.Науқастың ауруының түріне сәйкес медициналық қызмет көрсетілетін медициналық ұйым анықталады. Одан кейін, төсек орнының босауына, оның өткізу мүмкіндігіне қарай ауруханаға жатқызу күні белгіленеді. Ауруханаға жатқызу күні порталда көрсетілген күнмен сәйкес келмейтіні түсінікті, ауруханаға жатқызу кейінге шегерілуі мүмкін. Сондықтан да ол жоспарлы деп аталады. Алайда медициналық көмекті күту барысында науқасты ауруханаға жатқызуға кідіртуге болмайтын жағдай туындаса, ол шұғыл көмек көрсету санатына жатқызылады да, бірден ауруханаға жатқызылады. Стационарлық емделуге жекелеген кезек туралы айтар болса, мұнда да медициналық көрсеткіштерді басшылыққа алу қажет: щұғыл немесе жоспарлы. Жекелеген кезек жоқ. Дегенмен, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек түсінігі бар.
Оларға кардиолог, невропатолог, нейрохирург, ЖТД, психолог және кардиоревмотолог бөлімінің дәрігерлері қызмет көрсетіп, кеңес берді.
Нейрохирургке –19, кардиологқа –47, психологқа –18, невропатологқа –48, ЖТД дәрігерлеріне – 23, кардиоревматологқа – 30 тұрғын келіп қаралған. Жалпы шара барысында 106 азаматқа медициналық көмек берілді.
Ақ халаттылар кеңес берумен ғана шектелген жоқ. Тұрғындардың денсаулығын тексеріп, сырқаудың нақты анықтамаларын айтып, ақпарат берді.

Ұқсас ақпараттар

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

smarttop

ПРЕЗДИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫ

smarttop

ТҮРКІСТАНДА ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ БРЕНДТЕРДІ ІЛГЕРІЛЕТУДЕГІ РӨЛІ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТІП ЖАТЫР

smarttop

Пікір қалдыру