6.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

БИЫЛ БАЗАРҚАҚПА ЕЛДІМЕКЕНІНДЕГІ 11 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

🔷 Бүгінде Еңбекші ауданындағы Базарқақпа елдімекенінде бірқатар көше асфальттелуде. Ал Қараөткел көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Асфальтбетон жабындысы төселетін жолдың ұзындығы 0,9 шақырымды құрайды. Заманауи құрылғылармен жабдықталған жылжымалы зертхана арқылы асфальт қабатының тығыздығы мен сапасы, қолданыстағы материалдардың талапқа сәйкестігі тексерілді. 🔷 Жыл соңына дейін аумақтағы 6,6 шақырымды құрайтын 11 көшеге асфальт төсеу жоспарлануда.

— Бүгінгі күні бұл аумақта көлік жолдары кеңейтіліп жатыр. Қазір жолдарды қырып, жерді тегістеу жұмыстары жүргізілді. Көше жолдары көп уақыттан бері жөндеу көрмеген. Егер ауа райы жылынып, күн шықса, келер аптада жолға асфальт төсеу жұмыстары басталады. Барлығы ауа райына байланысты болып тұр. Әзірге бұл көшедегі гүлзардың бойына брусчатка төселіп жатыр, — М.Әйтенов деді.

Көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысы қауыпсіздігі бойынша көлік элементтерін бір бірінен және қарама қарсы қозғалысты бір бірінен бөлу үшін көше ортасында бөлу жолағы қарастырылады.

Ортадағы бөлу жолағының ені 6,0м. кем болмау керек, магистральдік жалпықалалық қозғалысы үздіксіз және жүк тасымалдау жолдарында бөлу жолағының ні — 4,0м.

Жолды – жоспарлау факторлары деген, ол көше – жол тораптары сұлбаларын жоспарлауды, Көлік және жаяу жүргіншілер лектерінің қозғалу ырғақтықтары мен қозғалу жылдамдықтарын таңдайды, қозғалыс тәртібін реттейді, көшелердің жоспралау сипаттамаларын шешеді.

Әлеуметтік факторлар деген, ол – жүрісте қатысатын адамдар жасы, жынысы, жүру мақсаты бойынша жаяу жүргіншілер қозғалысының құрамын белгілейді, жүргіншілер тәртібін бақылайды, жолды бақылау тиімділігін анықтайды.

Егер бөлу жолағында қоршау темірлері орналасса жоғарыда аталған жолдардың ені 2,0м. кемиді.Олар: Атауы жоқ No1,2,3,4,5, Кеңгір, Қараөткел, Балқан, Алай, Қызылата, Сазқұндыз көшелері. Биыл жалпы қаладағы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызмет

Ұқсас ақпараттар

ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР МЕН ТЕРМЕШІЛЕР САЙЫСҚА ТҮСТІ

smarttop

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ -2022» КӨРМЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

smarttop

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру