16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

КОДЕКС ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН АРТТЫРУДА

🔷 Мүгедектігі бар азаматтардың қажетті құралдар мен қызметтерге қол жетімдігі мен сапасын арттыру мақсатында қолданысқа енгізілген әлеуметтік қызметтер порталы өз нәтижесін беруде. Қалада 40 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тіркелген болса, жыл басынан бері олардан порталға 30 мыңға жуық өтінім түскен. Азаматтар арнайы портал арқылы протездік-ортопедиялық көмек құралдарына, сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарға, мүгедектерге арналған қол арба мен жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне, шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға өтініштер бере алады.Шымкентте мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы қыза түскен. Пилоттық жоба биыл тамыз айында қолға алынған еді. Енді өңір тұрғындары әр мекеменің табалдырығын тоздырмай, осында көлікті рәсімдеп, оған қоса жүргізуші куәлігін де ала алады. Түрлі анықтамалардан бастап наркологиялық диспансерден емтихан тапсыруға дейінгі барлық шаралар осы мамандандырылған орталықта жасалады. 🔷 Елімізде 1 шілдеден бастап күшіне енген Әлеуметтік кодекс әлеуметтік қызметтер порталының мүмкіндігін арттыра түседі. Қолданба арқылы мүгедектектігі бар адамдар тауарлар мен қызметтердің сапасы мен уақтылы жеткізілмегеніне шағым беруге құқылы. Портал бойынша шешім қабылдайтын жергілікті комиссия өкілеттігіне өтінімді қарастыру, өнім берушіге сапасыз тауарды немесе қызметті көрсеткені үшін өтінімді жолдап, бақылауда ұстау, порталға кіруге шек қою және жосықсыз қатысушылар тізіміне енгізу құқығы беріледі. 🔷 Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында мүгедектігі бар азаматтарға өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштамасы ұйымдастырылған. Әлеуметтік қызметкерлер қызмет түрлерін қажеттілікке орай шалғай шағынаудандарға арнайы қатынап та көрсетуде. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА АПТА САЙЫН 5 ОРЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

smarttop

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

smarttop

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру