12.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ СУ АРНАЛАРЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

🔷 Бүгінде Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Көксу, Чумчак, Сай ниже водопада су арналары күрделі жөндеуден өтуде. Қала әкімі М.Әйтенов аталған каналдарда болып, құрылыс барысын қадағалады.
Жоба бойынша 13, 5 шақырым «Көксу» арнасының ішіне 210 метрлік бетондалған трапеция, 3,3 шақырым Г тәрізді блок, 10 лоток орнатылады. Сондай-ақ су жіберу нысандары, көлік өткелдері, жаяу жүргінші өткелдерін жөндеу қарастырылған.
Қазіргі уақытта бетондалған трапеция толығымен және Г- тәрізді блоктың 2,5 шақырымы орнатылған.

🔷 Күрделі жөндеуден өтіп жатқан «ЧУМЧАК» су арнасының жалпы ұзындығы 5,3 шықырым. Жоба бойынша су шығару нысандары мен көлік және жаяу жүргіншілер өткелдерін жөндеу жоспарланған.

🔷 Қазіргі уақытта жер қазу, көлік өткелі, бетондау, су шығару нысанын орнату жұмыстары толығымен аяқталып, су жіберу нысандары арқылы жергілікті тұрғындарға су берілуде.Қазіргі таңда лотоктар мен блок орнатылып, таспалаушы нысанды жөндеу аяқталған. Мұрат Дүйсенбекұлы каналдардың құрылысын сапалы атқарып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай жүргізуді тапсырды. Айта кетейік, өткен жылы егістік жерлерді суару каналдарының су өткізу қабілетін жақсартуда мемлекеттік-жекешелік əріптестік аясында жалпы ұзындығы 197 шақырымды құрайтын 24 каналға, атап айтқанда, «Мешіт», «Темір», «Қызыл су», «Чинат-2», «Бозарық», «Құрала»с, «Улух», «Улух-«2, «Чумчак», «Шымкент», «Янгибай», «Текесу», «Көкбұлақ», «Қызыл сеңгі»р, «Гүлдіреуін-1», «Гүлдіреуін-2», «Гүлдіреуін-3», «Сасық -1», «Ақсай-Қарабастау», «Жаңа шек, , «Ынтымақ», «Компас, «Тоғыс, «Сасық» және 2 өзенге (Қошқар ата, Қарасу) механикалық және қолмен тазалау жұмыстары жүргізілген болатын.

🔷 Аталған су арнасының қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 95% аяқталды.
«Сай ниже водопада» су арнасында да күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жобада арнаның жалпы ұзындығы 8,2 шақырым, оның ішінде 504 метрлік блок, 10 лотогын ауыстыру қарастырылған. Сондай-ақ, су жіберу және тоспалаушы нысандарда жөндеу енгізілген.
Қазіргі таңда лотоктар мен блок орнатылып, таспалаушы нысанды жөндеу аяқталған.
М.Дүйсенбекұлы каналдардың құрылысын сапалы атқарып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай жүргізуді тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ШЫМКЕНТТЕГІ «ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: 572 ОТБАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖАЛДАУ АҚЫСЫ СУБСИДИЯЛАНҒАН

smarttop

ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІН ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру