9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

🔷 Шымкент қаласының цифрлық «Ашық картасы» әзірленді. Картада қала бойынша жер сауда-саттығы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандары, қаланың бас жоспары, егжей-тегжейлі жоспары, қызыл сызықтар, шекаралар, құқық бұзушылық картасы, бос жер учаскелері бойынша өзекті ақпараттар орналастырылған. Сонымен қатар, ақпараттық жүйе бойынша 16 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Атап айтқанда, сәулет, қала құрылысы саласында — 8, жер қатынастары саласында — 8 мемлекеттік қызмет.Геоақпараттық жүйелерінің базасындағы технологияны ірі масштабты жалпы географиялық, тақырыптық жəне мониторинг жүргізу мақсатындағы, сонымен қатар, басқару міндеттерін шешуді көздейтін арнайы карталар жасауға пайдаланған қолайлы. Мұндай карталар жүріп жатқан үрдістердің динамикасын бақылап, ақпараттарды тұрақты түрде жаңартып отыруды талап етеді. Олар əртүрлі масштабта жəне проекцияда құрылған карталарды, аэроғарыштық түсірілімдер мен жергілікті жерде жүргізілген геодезиялық түсіру жұмыстарының нəтижелерін, сонымен қатар, алуан түрлі дерек көздерін қолданатындықтан жобалық түрлендіруді қажет етеді. Жоғарыда аталған карталар қолданбалы сипатымен, қарапайымдылығымен, күрделі дизайнерлік өңдеуді қажет етпейтін рəсімделуінің стандартты болуымен ерекшеленеді. Геобейненің қасиеттері оның анықтамасында берілген. Оған нақты нысанмен салыстырғанда неше есе кішірейтіліп алынғанын көрсететін масштабы, кескінделген нысандар мен құбылыстардың ең басты белгілерін іріктеп алуды айқындайтын жинақталуы, ұсынылатын бейнені кестетік əдіспен кескіндеу жатады.  🔷 Шымкент қаласының геоақпараттық жүйесіне https://geo-shym.kz сілтемесі арқылы өтуге болады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ ТУРНИРІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

smarttop

ӘЛ-ФАРАБИДЕ 2024 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 16 КӨШЕ АСФАЛЬТТАНАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 144 ОТБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру