4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТКЕ 72 МЫҢ ТОННА КӨМІР ҚАЖЕТ

Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әбдіхалықовтың берген мәліметіне сенсек:

-«Шымкентте бір тонна көмірдің бағасы 15100 БЕН 15300 теңге аралығында. Бүгінгі күнге көмірмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша арыз-шағым түскен жоқ. Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның мәліметіне сәйкес, мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласына 154,0 мың тонна көмір тасымалданған (2132 вагон). Көмір тасымалдаушы мекемелердің қоймасында 9,0 мың тоннадан астам көмір бар. Қалаға күнделікті  207-345 тонна (3-5 вагон) көмір келуде», — деді басқарма басшысының орынбасары.

Көмір бағасын сөз еткен министр бұл тұста көп мәселе жергілікті тасымалдаушылардың да бағасына қатысты екенін айтты.
— Баға негізінен теміржол тұйықтарында төмендетілуде. Ал тасымалдау, жеткізу — жергілікті әкімдіктердің жұмысы. Егер бұл жұмыстар орындалмаса, біз 15-20 пайызға түсірген баға тасымал есебінен тағы көтерілуі мүмкін. Тасымалдың кесірінен бүкіл жұмыс зая кетуі ғажап емес. Үкімет тарапынан ауқымды жұмыс істелді. Біз көмірді негізгі тасымалдаушылармен келісім жасадық, жұмыс аяқталды. Ендігі негізгі жұмыс — соңғы тұтынушыға дейін жеткізу. Жергілікті әкімдіктерден осы жұмысты қолға алуды сұраймын, — деп тапсырды Б.Сағынтаев Үкімет отырысында.

Шымкент қаласының көмірге қажеттілігі 72 мың тонна.

Атап айтқанда: Бюджеттік мекемелерге (білім, денсаулық, спорт, мәдениет, жұмыспен қамту — 4,7 мың тонна) және дербес қазандықтарға («Қуатжылуорталық-3» МКК 1,1 мың тонна ) қажетті 5,8 мың тонна, толық қамтамасыз етілген (100%);

Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66,1 мың тонна, жылу беру маусымына дейін көмір отынымен қамтамасыз етілуі бойынша тұрғын арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы бойынша ұсынылған өңірлік көмір операторларының тізбесі келесідей: ЖК «Пернебаев», «Азамат Мунай» ЖШС, ЖК «AVZ — NRADE», ЖК «Куралбаев», ЖК «Arganat», «Алтынколь Терминал» ЖШС, ЖК «Қошжанов», «Vip-M» ЖШС, «РеалТранс-К» ЖШС.

 

 

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: БАС ДӘРІГЕР БҮЙРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІМЕН ЕСЕПТЕ ТҰРАТЫН НАУҚАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

smarttop

МЕКТЕПТЕР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

smarttop

ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ: ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ 35%-ҒА ДАЙЫН

smarttop

Пікір қалдыру