22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 10 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде 5 айда атқарған жұмыстарды қорытындылады. Басқарма басшысы жаңа медициналық ұйымдар, мамандардың біліктілігін арттыру, жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету және тағы басқа бағыттардағы жұмыс барысынан хабардар етті. Қызметті жоспарлау, қаржыландыру, штаттар, қалалық емхананы медициналық аппаратармен, аспаптармен, шаруашылық инвентарлар және басқа жабдықтармен жабдықтау белгіленген нормативтерге және белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
2023 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша Шымкент қаласында нәресте өлімі 20,6%-ға төмендесе, жыл басынан бері қалада ана өлімі тіркелмеген. Туберкулезден болатын өлім-жітім 66 %-ға, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 6,5%-ға төмендеген.
-– Халыққа сапалы, уақтылы медициналық қызмет көрсету мақсатында 10 медициналық ұйым аккредиттеуден өтіп, 2023 жылы жалпы 17 медициналық ұйымды аккредиттеу жоспарлануда. 2023 жылдың 6 айында жоғары технологиялық 186 медициналық қызмет көрсетілді. Өткен жылы қалалық №1 емхананың балалар бөлімшесі, №2 оңалту орталығына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал 2023 жылы қалалық №5 емхана мен қалалық №1 клиникалық аурухана ғимараттарына 1, 193 млрд теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Балалар ауруханаларын көбейту басты назарда тұр, – деді басқарма басшысы.
Қазіргі таңда Шымкенттегі емханаларға үздік тәжірибелер орталығының жобасы енгізілуде. 2023 жылы үздік практика орталығы жобасын шаһардағы №6, №7, №3, №1 қалалық емханаларда енгізу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, материалдық-техника базасын жақсарту мақсатында 3,5 млрд теңге сомасына 151 бірлік медициналық техника сатып алынбақ.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА КЕЗЕКШІ БРИГАДАЛАР ШҰҒЫЛ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР

smarttop

ЫНТЫМАҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ №54 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру