16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІ АЗАМАТТАРҒА БЕРІЛЕТІН ПӘТЕР САНЫ АРТПАҚ

🔷 Биыл Шымкент қаласында жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама аясында 324 арендалық пәтер тұрғын үй кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, көпбалалы отбасыларға сонымен қатар жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге, ал 888 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға қолдынысқа беру көзделген.

🔷 Бұдан бөлек жыл соңына дейін тұрғын үй кезегіндегі әр түрлі санаттар бойынша тағы 505 отбасыны қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл бойынша тиісті мекемеге ұсыныс беріліп, жұмыстар атқарылуда. Осылайша биыл тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға табысталатын пәтер саны артпақ. Сонымен қатар биыл Отбасы банк арқылы несиелік негізде 1732 отбасыны баспанамен қамту жоспарланып, қазір 973 азамат ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болды. Оның ішінде «5-20-25» бағдарламасы бойынша 609 пәтер, «2-10-20 Бақытты отбасы» бойынша -293 пәтер, «Шаңырақ» бағдарламасы — 71. Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы саласында мегаполисте ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2020 жылы тұрғын үй құрылысын жүргізу бұдан екі есеге дейін төмен болатын. Биылғы жылы 1 млн 73 мың шаршы метр үйді тапсыру жоспарлануда. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында мемлекеттік бюджеттен 312,4 мың шаршы метрді құрайтын 4 090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Осы ретте биыл 67 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап жыл соңына дейін ел игілігіне тапсыру көзделуде. Тұран шағынауданында 18 үйдің, Бозарық шағынауданында 54 үйдің, Ақжайық шағынауданында 26 үйдің құрылысы жүргізілуде.

🔷 Сонымен қатар биыл Отбасы банк арқылы несиелік негізде 1732 отбасыны баспанамен қамту жоспарланып, қазір 973 азамат ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болды. Оның ішінде «5-20-25» бағдарламасы бойынша 609 пәтер, «2-10-20 Бақытты отбасы» бойынша -293 пәтер, «Шаңырақ» бағдарламасы — 71.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЖАС ИНЖЕНЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕҢІМПАЗ БОЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 8 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖОЛДАНДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Пікір қалдыру