21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлері шетелдіктен гашиш тәркіледі

Мақтаарал ауданының полицейлері мен ҰҚК шекарашылары қызметтік ит «Нойс» көмегімен «Атамекен» бақылап-өткізу бекетінде есірткі заттарын заңсыз тасымалдау фактісін анықтады.
Нақтырақ айтсақ, полиция бөліміне «Атамекен» шекара бекетінде қызметтік ит шетелдікке тыйым салынған зат бойынша күдік келтіргені туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары күдіктіні, яғни Тәжікстан азаматын анықтады. Жедел уәкілдер тексеру кезінде ер адамның шалбарының қалтасынан есірткі тектес заты бар ыдысты тапты. Заттай дәлелдеме сараптамаға жіберілді.
Жүргізілген сараптамалар тәркіленген есірткі затының «гашиш» екенін растады.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Оқиға бойынша жинақталған іс құжаттары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Күдікті шетелдік ер адам қамауда.
Полицейлер қазіргі техника дамыған уақытта заманауи үлгідегі түрлі құралдардың қолданысқа енгізілуіне қарамастан, қызметтік иттер қылмыстарды ашуда, оның ішінде «ізін суытпай» қылмыскерлерді анықтауда таптырмас көмекші болып қала беретінін атап өтті.

Ұқсас ақпараттар

ПРОФИЛАКТИКА: ТЫҢ ТЕРАПИЯ ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТАРАЛУЫН ТОҚТАТТЫ

smarttop

БИЫЛ 190 НЫСАНДА ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА АТСАЛЫСТЫ

smarttop

Пікір қалдыру