16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

М.ӘЙТЕНОВ: КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖҮРГІЗУДЕ ҚҰРЫЛЫС МӘДЕНИЕТІН САҚТАУ КЕРЕК

🔷 Қазір қалада 8 елдімекенді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Канализациялық құбырлар Мирас-Шапағат-2, Асар-2, Тассай, Тұран, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам, Бозарық елдімекендеріне тартылуда. 🔷 Қала әкімі М. Әйтенов Тұран шағынауданының кәріз коллекторының құрылысымен танысып, жұмыс қарқынын қадағалады. Жоба бойынша коллектордың жалпы ұзындығы-20 шақырым. Нысан толық аяқталғанда 131 800 абонент орталықтандырылған жүйе арқылы су бұруға мүмкіндік алады. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 4-тоқсанында аяқталып, қолданысқа берілетін болады.Тазарту имаратына ауырлық түсіріп тұрған факторлардың тағы бірі — бұл тұтынушылар санының өсуі. Сонымен қатар бас жоспарға сәйкес қаланың солтүстік бөлігінде көпқабатты үйлердің құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес мегаполистің кәріз жүйесіндегі су бұру мәселесі 2025 жылға дейін шешімін табуы тиіс. Қазіргі уақатта «Шым Сити» және Тұран шағын ауданында тұрғындардың жалпы саны сексен мыңды құрайды. 2023 жылы бюджет есебінен салынған кәріз желілеріне Самал-1, Самал-2, Солтүстік-Батыс, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Оңтүстік шағын ауданы, Қаратөбе тұрғын алабынан барлығы 41 мың жеке үйлер қосылады. Бұл елді мекендерде кәріз жүйесіне қосылатын тұрғындар 264 мыңнан асады. 🔷 Осыған орай Еуропалық Даму және қайта құру Банкінің «Жасыл қала» бағдарламасы аясында кәріз тазарту имаратының қуаттылығын тәулігіне 50 мың м3 қосымша кеңейту мақсатында арнайы жоба мақұлданды. Осы мәселені шешу үшін мемлекеттік сараптамадан өткен жобалы-сметалық құжаттама әзірленді. Шымкент қаласы әкімдігінде 2022 жылдың қыркүйек айында келісімшартқа қол қойылды. Жобаның құны – 3,5 млрд. теңгені құрайды. 🔷 М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны назарға алып, аталған кәріз коллекторының құрылысын өндірістік кестеге сәйкес жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ құрылыс мәдениетін сақтай отырып, тұрғындар тарапынан наразылық тудырмай қазылған орындарды дер кезінде қайта қалпына келтіруді ескертті. Айта кетейік, жыл соңына дейін қалада 6 елді мекенде кәрізбен қамту жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық адам желіге қосылуға мүмкіндік алады. Осылайша биыл мегаполисте канализациялық желімен қамту көрсеткіші 60% — дан 65% — ға дейін артады. Келесі жылы кәріз құбырларын 12 нысанда жүргізу жоспарлануда. Ал 2025 жылы 10 нысанның құрылысы аяқталып, елдімекендердің 75% -на канализация жүйесі тартылады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ 6 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРТЫНДЫЛАДЫ

smarttop

ӘЛ-ФАРАБИ КІТАПХАНАСЫНДА 181 ЖЫЛ БҰРЫН ЖАРЫҚ КӨРГЕН КӨНЕ КІТАП САҚТАЛҒАН

smarttop

Тоғызқұмалақ чемпиондары

smarttop

Пікір қалдыру