0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫНДА 10 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

🔷 Биыл мегаполисте мемлекеттік бюджет есебінен 4090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарлануда. Оның ішінде Тұран шағын ауданында ағымдағы жылы 1112 пәтерлі 18 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге аталған шағын аудандағы құрылыс барысын қадағалады. 🔷 Жыл басынан бері Тұрандағы 540 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы тапсырылды. Жоспар бойынша қалған 8 тұрғын үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Сонымен қатар мұндағы 26, 25, 29, орамдардың және №3390 жер телімінің инженерлік инфрақұрылым жүйелері тартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін бұл нысандар пайдалануға тапсырылатын болады. Қала әкімі М.Әйтенов ағымдағы жылы тұрғындарды жеке қабылдап, түскен өтініштер бойынша тиісті басқармаларға тапсырма берген болатын. Осыған орай, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан аялдамалар, жол белгілері, аяқжолдар салынып,шағын аудандарға асфальт төселіп, шұңқырлады жамау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Бүгінде қаламызда жөндеу жоспарланған 308 көшенің 247-сінде жұмыстар толығымен аяқталған. Ал, қалған 39 көшеде қазан айының соңына қарай жөндеу жұмыстары толық аяқталып, тұрғындар игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
2021-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына сәйкес қала аумағындағы елдімекендердің көшелері түгел орташа жөндеуден өткізілетін болады.Аталған көшелердегі аяқжолдарды салуға 40,666,0 мың теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып кетті. Ал, жалпы аудан бойынша атқарылатын 7,5 шақырым аяқжолға 75,421,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Ауданда көшелерді жарықтандыру бойынша барлығы 8,1 шақырым жерге 40025,0 мың теңге қаржы бөлінген. 🔷 М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға жұмыс қарқынын күшейтіп, сапаны бақылауды тапсырды. Сондай-ақ құрылыс мәдениетін сақтай отырып, тұрғындардың қолайлы жағдайын назарда ұстауды ескертті. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 12 ІРІ КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

ЖОЛДАУДАҒЫ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ: САРАПШЫЛАР ПІКІР АЛМАСТЫ

smarttop

БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНДЕ ТӨРТ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру