Қалада қазір тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгінде Бозарық шағын ауданында 54 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов мегаполистің ауқымды құрылыс алаңына айналған аумақтағы жұмыстарды тексерді. Бүгінде мердігерлер мұндағы 49 тұрғын үйдің, 9 нысанның инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстарын атқаруда. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 5 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға мердігерлер жауапкершілігін арттыра отырып, жұмыстарды талаптарға сай орындап, нысандарды мерзімінде қолданысқа беру бойынша тапсырмалар жүктеді.
Қазіргі уақытта бұл жобаға Жобалық-сметалық құжат әзірленіп, жер бөлу жұмыстары жүргізілуде. Индустриалдық аймақтарды негізінен ірі кәсіпорындар орналасқан. Олардың Шымкент қаласы экономикасының өркендеуіне орасан үлес қосып отырған жайы бар. Сондықтан да алдағы уақытта индустриалдық аймақтардың дамуына барынша жағдай жасалатын болады.
Айта кетейік, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жобаларының жалпы құны 163,5 миллиард теңге болатын 56 жобадан тұрады, олар 5 582 жұмыс орнын құруды көздейді. Оның ішінде жалпы инвестиция сомасы 58,4 миллиард теңгеге 35 жоба іске асырылып, бұған дейін 2 507 жұмыс орны ашылды.
Ал «Жұлдыз» индустриалды аймағында жыл соңына дейін инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін бірінші кезекте 31 инвестициялық жоба бар.
Мұнда инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүріп жатыр. Мәселен, «Юг Ойл Про» битум зауыты, автоклавты газбетон өндірісі, ПВХ ішкі және кәріз жүйелерін, үйлерге арналған жаңбыр суағарларын өндіру, шыны әйнек шығаратын зауыт, темірбетон өндіру ісі қолға алынған.
Айта кетейік, Ақжайық шағын ауданындағы 26 тұрғын үйдің құрылысы жоспар бойынша жыл соңына дейін басталатын болады. Жалпы жыл қорытындысымен 3040 пәтерлі 67 тұрғын үй пайдалануға тапсырылады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі