Биыл қала аумағындағы барлық елдімекенге сапалы электр энергиясы жеткізіледі. Жыл соңына дейін 8 шағынауданда құрылыс аяқталып, қаланы үздіксіз электр жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.Мамандар оңтүстік өңірде электр қуатының тапшылығы бұрын да болғанын айтады. «Солтүстік-Оңтүстік» электр тасымалдау желісінің өткізу қабілеті қажеттілікті толық өтей алмаған. Сондықтан мегаполиста заманауи қосалқы станциялар бой түзеді. Бірақ оны қарапайым халық 8 жыл күтті. Жарыққа деген тәуелділіктен арылу үшін жергілікті Жылу электр орталығы 2025 жылға дейін бу-газ қондырғысын іске қосуы керек. Ал Түркістан облысында қуаты мың мегаватт болатын турбо-газ зауыты салынады. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында қауіпсіз әрі экологиялық таза атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеуді тапсырды.Сондай-ақ, 28 наурыз күні аталған тарату бекетінде ақау орын алуына байланысты (кернеу трансформаторы істен шыққан) электр қуаты берілуі тағы тоқтаған. Сол себепті, «Самал-3», «Асар» шағынаудандары және Төлеметов көшесі бойында орналасқан тұрғын үйлер, шамамен 5 мыңға жуық абонент электр қуатынсыз қалды. Бірақ «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і және «Қуатжылуорталық-3» МКК-нің апатты жою бригадасымен қалпына келтіріп, қазіргі уақытта электр қуаты берілді.
Нәтижесінде абоненттер жарыққа екі есе арзан төлем жасайды. Тұрғын үйлерді электр желісіне қосу жұмыстары тегін жүргізіледі. Мемлекеттен тартылған электр энергиясының тариф бағасы: жеке тұлғаларға әр Кв үшін – 17 теңге, заңды тұлғаларға-35 теңге, бюджеттік ұйымдарға-39 теңге болып белгіленген. Электр желілерін тарту жұмыстары қазір Нұрсат, Қайнарбұлақ, Түркістан, Тұран, Ақжар, Ынтымақ (ПС 110 кв) елдімекендерінде жалғасуда. @akimat.enbekshi @shymkent_abay @karatau_shymkent @turan_audany @energetika_shymkent