13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«БОЗАРЫҚ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫ ЖЫЛ СОҢЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

🔷 Шымкент қаласы «Қайнарбұлақ» тұрғын алабы маңында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта 132,9 гектарды алып жатқан индустриялық аймақта инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған индустриялық аймақты жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда.
Индустриялық аймақта тамақ өнеркәсібімен айналысатын жалпы құны 73,9 млрд теңгені құрайтын, 1000-нан астам жұмыс орнын қамтитын 30 жоба жасақталған.

Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі» деп атап өткен болатын.
Осыған орай Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бағытында бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, «Жұлдыз» индустриалды аймағы қосымша 155 гектарға, ал, Шымкент сауда-логистикалық орталығының аумағы 136 гектарға кеңейтілген. Сонымен қатар қазір Шымкентте тамақ өнеркәсібіне бағытталған «Бозарық» индустриалды аймағының құрылысы жүргізілуде.
Шымкент қаласы әкімдігі «Бозарық» және «Жұлдыз» индустриалды аймақтарының тұжырымдамасы мен қоршаған ортаға әсерін бағалау құжаттарын әзірледі. Бұл индустриалды аймақтардың инфрақұрылым құрылысына республикалық бюджеттен тікелей қаржы тарту және осы аймақтарға «республикалық индустриалды аймақ» мәртебесін беруге жол ашады.

🔷 Атап айтсақ, оның ішінде жалпы құны 25,7 млрд теңгені құрайтын, 560 жаңа жұмыс орнын қамтитын инвестициялық жобаларының құрылыс жұмыстары бастау алды.
Атап айтқанда, олар: азық-түлік, косметикалық май және жеміс-жидек тағамдарының өндірісі, инвестиция көлемі — 456 млн. теңге, жұмыс орны — 25 адамды қамтиды.
Сүт өнімдерін өндіру, инвестиция көлемі – 15 млрд теңге, жұмыс орны — 100 адам.

🔷 Газдалған және газдалмаған сусындар өндірісі, инвестиция көлемі – 7,2 млрд теңге, жұмыс орны — 300 адам.
Кондитерлік және жартылай фабрикаттар өндірісі, инвестиция көлемі – 1,1 млрд теңге, жұмыс орны — 35 адам.
Газдалған және газдалмаған сусындар өндірісі, 2 млрд тенге, жұмыс орны — 100 адам.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПШІЛЕР ШЫМКЕНТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІМЕН ТАНЫСЫП ЖАТЫР

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ ШТАТТЫҚ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

smarttop

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ-да ЖАҢА СТУДЕНТТЕР ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру