16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ АЛДАҒЫ ЖЫЛДАРДА ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ?

Өткен айдың 19-ына шымкенттіктер Қала күнін атап өткен болатын. Қазақстанның тәуелсіз кезеңіндегі Шымкенттің тарихын екіге бөліп қарастыруға болады: 2018 жылға дейінгі және кейінгі Шымкент. 2018 жылы Шымкент «Ресубликалық маңызы бар қала» мәртебесін алғаннан кейін тарихтың жаңа арағын ашып, дамудың жаңа сатысына көтерілді.

Әлбетте, жаңа мәртебе жаңа міндеттері, айрықша жауапкершілікті жүктейді. Президенттің өзі Шымкенттің даму барысын қалт жібермей қадағалап отыр. Шаһар басшысына тиісті тапсырмаларын берумен қатар, оның орындалуы барысы жайлы жиі есебін алып отырғанын көріп отырмыз.

Газетіміздің өткен санында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Шымкент барлық салада бәсекеге қабілетті болуы керек» деген сөздерін тақырып ете ала отырып, үшінші мегаполистің алдағы жылдардағы даму жоспары туралы талдау жасағанбыз. Мақаланы орта жолдаан қайырып, үтірін қойғанбыз, жалғасы барын ескертіп едік. Бүгінгі мақала сол талдауымыздың жалғасы.

Мақалада Президенттің жекелей тапсырмасы және Жолдауларында айтылған мәселелерге орай экономиканы дамыту үшін Шымкентте алдағы жылдары қандай жобалар қолға алынатыны, қандаай салаларға басымдық берілетіні туралы айтқанбыз. Нақтылар болсақ, мұнай өңдеу, фармацевтика өнеркәсібі, машина жаасау, химия өнеркәсібі, минералдық өнімдер өндірісі, тамақ өнеркәсібі, сусын өндірісін, жеңіл өнеркәсіп, металлургия, ауылшаруашылығы салаларындағы жоспарларды жіпке тізгендей алдарыңызға жайып салдық. Туристік инфрақұрылымды дамыту мен маркетингтік ілгерілету тақырыбына да арнайы тоқталдық. Осы тақырыптарды ары қарай жалғастырамыз.

Сауда – бұл қала экономикасына қан жүгіртетін негізгі салалардың біріне де қысқаша тоқталып өтейік. Қала аумағында жалпы ауданы 643 мың ш.м құрайтын 36 базар жұмыс жасайды, оның ішінде азық-түлік – 3, азық-түлік емес – 10, әмбебап – 23. Базарлардағы сауда орындарының саны 17 429 орынды құрайды, оның ішінде 10 388 заңды тұлғаға және 7 041 жеке кәсіпкерге тиесілі.

Санатына қарай, 36 базардың 20 – ірі (алаңы 2 мың ш.м. астам) және
16 – шағын (2 мың ш. м. дейін).

Анықтама ретінде: I санаттағы 12 базар (10 мың ш.м.), II санаттағы
9 базар (2-10 мың ш. м.), III санаттағы 11 базар (500-2 мың ш. м.), IV санаттағы 3 нарық (100-500 ш. м.), V санаттағы 2 нарық (100 ш. м. кем).

ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы қала базарларын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді, базарларды жаңғыртуды талап етеді. Талаптарға сәйкес 19 базар қайта құруға жатады.

Оның ішінде 14 базарда («Бекжан», «Шымкент Тұлпар», «Исатай (Алатау)», «Акбар», «Иманалиев» мал базары, «Барыс», «Жабық базар», «Көктем», «Жібек Жолы», «Жаңа шахар», «Назым апа», «Көмеш бұлақ», «Дархан», «Нұр Сайрам») реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар, 5 базарда («Авто Нұр», «Орталық қырғы базар», «Алаш», «Айна», «Самал») модернизациялау жұмыстары жүргізіліп, сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын
күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарға сәйкес келтірілуде.

Ұқсас ақпараттар

2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛА БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

smarttop

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: БӨБЕКТЕР ҮЙІ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру