12.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ — АРМЕНИЯ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАЙЛАНЫС ОРНАТЫЛАДЫ

🔷 Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Армения Республикасы Төтенше және Өкілетті елшісі Армен Гевондян, сонымен қатар Қазақстандағы Армения Республикасының бас консулы Анна Вачиянмен ресми кездесті.

🔷 Іссапардың мақсаты — Шымкент қаласы мен Армения мемлекеті арасында екіжақты қарым-қатынасты кеңейту. Бірлескен инвестициялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ екі елдің инвестициялық әлеуеті мен тартымдылығы туралы ақпарат алмасу.
— Инвестиция тарту – қаланы дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан, мемлекеттік қолдау шаралары аясында біз Армения капиталының қатысуымен жобаларды жүзеге асыруға ілесуге дайынбыз, — деді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.
Жалпы Қазақстан мен Армения арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап орнатылған.

Сонымен қатар,Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Корейлер Қауымдастығының өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында Корея Республикасы мен Шымкент қаласы арасындағы өзара ынтымақтастық, мәдени және этносаралық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

Бүгінгі таңда үшінші мегаполисте 6618 корей тұрады. Екі елдің дипломатиялық қатынастары нәтижесінде Шымкент пен Корея арасындағы тауар айналымы жылдан жылға артып келеді. Былтыр тауар айналым көрсеткіші 45466,18 мың АҚШ долларын құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 188% — ға жоғары.

Қазір елімізде Samsung, Hyundai, Lotte, Posco, KNOC және басқа да жетекші корпорацияларды қоса алғанда, корей капиталы бар 550-ден астам кәсіпорын жұмыс істеуде.
Алдағы уақытта қос тарап сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды күшейтуге уағдаласты.

🔷 Соның ішінде Шымкент қаласы 1 миллионнан астам халқы бар, инфрақұрылымы, бай табиғи және еңбек ресурстары бар Қазақстанның үшінші мегаполисі және экономикалық ірі қалаларының бірі. Бүгінде қала арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансұлттық көлік дәлізі өтуде. Мемлекет шетелдік инвесторларды құқықтық қорғау үшін барлық қажетті шараларды қарастырады. Осы орайда шетелдік компаниялардың қаламыздың дамуына үлес қосуы құпталады.
Сондықтан бүгінгі кездесу сындарлы ынтымақтастықты дамытады және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа перспективаларын айқындалады деп сенеміз.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Қызметтік иттің көмегімен есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды

smarttop

ТҰРАН-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ЖАҢА 18 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АУЛАЛАРЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

smarttop

ТАПСЫРМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ АУДАН БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН ПЫСЫҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру