-0.7 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

“ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДА АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫСТЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ”

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша Алқа отырысы өтті. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда басым бағыттарды атап берді. Жиынға қала жастары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының шәкірттері қатысты.
Алдымен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Мөлдір Кеуенова қалада жастар ресурстық орталықтары 12 бағыт бойынша іс-шаралар атқарып жатқанын атап өтіп, жыл басынан бері жүзеге асқан жұмыстарды баяндады. Басқарманың мәліметінше, бүгінде қалада 390 мыңға жуық жас бар.
Алқа мәжілісінде қалада жастар саясатын жүзеге асырудағы бірқатар мәселелер талқыға түсті. Атап айтқанда лудомания, есірткі қылмысының алдын алу, жастар денсаулығын қорғау және басқа бағыттарда мәселелер қозғалып, ұсыныстар айтылды.
-Жастар — ұлттың болашағы. Сондықтан жастар тәрбиесі салғырттықты кешірмейді. Азаматтардың денсаулығын қорғауда жастар ресурстық орталығы, денсаулық сақтау басқармасы кешенді жұмыстарды қолға алу керек. Профилактикалық, скринингтік тексеру бойынша ақпараттандыру жұмыстарын күшейту қажет. Қазіргі таңда суицид мәселесі де алаңдатып отыр. Бұл — өте күрделі мәселе. Жастармен ақылдаса отырып, алда ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жандандыру бойынша телеграм және ютуб канал ашуды да ойластырып көреміз, — деді Сәрсен Абайұлы.
Жарыссөзге шыққан “Студенттік емхана” ЖШС дәрігері Тимур Байдуллаев жастарға МӘМС туралы көбірек насихат жүргізудің маңызды екенін алға тартып, жастарға өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауға шақырды. Сондай-ақ, жиында қоғамдық ұйым өкілдері тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШЫМКЕНТКЕ КЕЛУШІЛЕР КӨБЕЙГЕН

smarttop

КЕЛГЕН ТУРИСТТІ КҮТІП АЛУ ҮШІН ДЕ БІЛІКТІЛІК КЕРЕК

smarttop

ҚАЙНАРБҰЛАҚТАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ 2023 ЖЫЛЫ ТОЛЫҚТАЙ ШЕШІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру