12.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕЙДІ

🔷 Шымкент қаласы №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тірек-қимылы жүйесі бұзылған балалардың денсаулығында оң өзгерістер байқалады. Заманауи медициналық құрал-жабдықтар мен оңалту шараларының әсерінен мұнда қимыл-қозғалысы нашар балалардың денсаулығы жақсарған.
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев Шымкентке арнайы іссапары барысында осы орталықты аралап, ерекше балаларға көрсетіліп жатқан әлеуметтік оңалту шараларымен танысты.

🔷 Орталықта 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауруы бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Емдік шараларға «ROBACTIV» локомотив жүйесі, модульдік баспалдақтың «STEP» түрі мен басқа да заманауи медициналық құрал-жабдықтар қолдануда.
Орталықта қазір стационарлық жағдайда 124, жартылай стационарлық жағдайда 82 бала қызмет алып жатыр. Оның ішінде тұл жетім, тастанды және асыраушысынан айрылған 25 бала орталық қамқорлығында. Оларға 8 арнаулы әлеуметтік психологиялық қызмет түрлері көрсетіледі.Қазіргі уақытта Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Оңалту орталығы» коммунальдық қазыналық мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 2023 жылдың сәуір айынан қолға алынған жұмыстар халықаралық стандарттарға сай құрылыс нормалары бойынша жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Ә.Молдағұлова көшесі 8 Б мекен-жайда орналасқан «Оңалту орталығы» құрылысының жай-күйімен танысу үшін аталған нысан басында болды. 🔷 Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыстың жұмыс сапасын бақылап, жауапты және мердігер мекеме басшыларына кестеден кешікпеуді ескертіп өтті. Айта кетсек, ғимараттың іргесі 1975 жылы қаланған. Қазір мұнда 167 оқушы ерекше білім берумен қамтылған, ұжымда 56 педагог жұмыс істейді. 🔷 Логопед пен психолог кабинеттері, сенсор бөлмелері, израильдік технологиямен жасалған мультимедиялық білім беру жүйелері қайтадан жаңартылып, заманға сай жабдықталуда.

🔷 Сонымен қатар балаларды қоғамға бейімдеуге ерекше көңіл бөлінген. Медициналық бөлімде физиоемдеу, стоматология мен емдік кабинеттер қарастырылған. Дәрігерлердің тағайындауы бойынша науқастарды емдеу үшін физиотерапиялық бағытта қызметтер көрсетіледі.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

№65 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

smarttop

А-2 АЙНАЛМА ТАС ЖОЛЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ 82% ПАЙЫЗҒА ОРЫНДАЛДЫ

smarttop

САПАЛЫ АУЫЗ СУ ҚАШАН БОЛМАҚ?

smarttop

Пікір қалдыру