0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ: «ЖЕКЕ МЕКТЕПТЕР МЕМЛЕКЕТТІК МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫ ОРНЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІН ШЕШЕДІ»

🔷 Шымкент қаласында биыл жаңадан 4 мектеп салынып жатыр. Соның ішінде 3 мектеп жаңа оқу маусымына, яғги қыркүйек айына дейін пайдалануға берілсе, Қаратау ауданы Нұрсәт шағын ауданында орналасқан «South Alup» жеке мектебі жыл соңында беріледі деп күтілуде.
Бүгін қала әкімі құрылыс нысандарын аралау барысында Нұрсәттегі «South Alup» мектебіне арнайы барып, құрылыс жұмыстарын бақылады. Қазіргі уақытта жұмыс ауқымының 70 пайызы орындалған. Мектеп аумағы 2,8 гектарды құрайды, 1425 оқушыға лайықталған.

🔷 Ғимарат үш қабаттан тұрады, мұнда арнайы спорт залы, асханасы, лингофондық, компьютерлік сынып бөлмелері қамтылған. Мектеп жаңа заманауи үлгімен салынуда. Әрі жаңа технологиялық құралдармен жабдықталған.
«South Alup» жеке мектебіне жақын орналасқан 2 мемлекеттік мектеп бар. Оның бірі 1200 орындық №130 мектеп, мұнда 2066 оқушы білім алуда. Сонымен қатар 1200 орындық №132 мектепте 1762 оқушы білім алуда.

Пилоттық жоба аясында қала аумағында 25 мектептің құрылысы жоспарланған. Биыл 17 300 орынға арналған 12 мектептің құрылысы басталады.Инфрақұрылым – бұл бизнестің, аймақтың немесе ұлттың негізгі физикалық жүйелерінің жалпы термині. Инфрақұрылымға көлік жүйелері, байланыс желілері, ағынды сулар, су және электр жүйелері мысал бола алады. Бұл жүйелер капиталды көп қажет ететін және қымбат инвестициялар болып табылады және елдің экономикалық дамуы мен өркендеуі үшін өте маңызды.

  • Инфрақұрылым – бұл экономика құрылымын құрайтын негізгі жүйелер.
  • Инфрақұрылымға көлік құралдары, телекоммуникация желілері және сумен жабдықтау мысалдары жатады.
  • Ірі инфрақұрылымды әдетте мемлекеттік сектор немесе мемлекеттік реттелетін монополиялар өндіреді, ал кішірек масштабтарда инфрақұрылымды көбінесе жеке фирмалар немесе жергілікті ұжымдық іс-әрекеттер жасауы мүмкін.
  • Инвестиция ретінде инфрақұрылым кейбір басқа активтер класына қарағанда тұрақсыз болып келеді және кейде оны инвестиция ретінде іздейді.

🔷 Алдағы жылы 20 400 орынға арналған 13 мектеп салынып, 2025 жылы пайдалануға тапсыру көзделуде. Тиісті басқарма басшыларының қатысуымен өткен басқосуда нысандарды инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамту барысы қарастырылды. Мұрат Дүйсенбекұлы жоспарланған мектеп ғимараттарына қажетті табиғи газ, электр, су жүйелерін, жолдарды талаптарға сай жүргізуді тапсырды. 🔷 “Ең алдымен балалардың қауіпсіздігіне мән берілуі керек. Мектептердің көшелерін жарықтандыруды және бейнебақылау жүйелерімен қамтуды ұйымдастырыңыздар.

🔷 Қазіргі салынып жатқан «South Alup» мектебі көршілес мектептегі оқушы санының тығыздығын болдырмауға септігін тигізбек. «Яғни, жеке мектептер мемлекеттік мектептегі оқушы орнының тапшылығы мәселесін шешеді», — деп түйіндеді Мұрат Дүйсенбекұлы.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 269 АДАМҒА «ҚАНДАС» МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ

smarttop

УЛЫ ГАЗ — ӨТЕ ҚАУІПТІ

smarttop

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру