16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЖАҢА МЕКТЕП. ЖАҢА МАУСЫМ. ЖАҢА ЛЕП

🔷 Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар құрылыс нысандарын аралау кезінде Ақжайық шағын ауданындағы «Abylaikhan innovative school» мектебіне барды. Төрт қабатты 650 орынға арналған мектеп жаңа заманауи үлгіде салынған. Жоба құны 3 миллиард теңгені құрайды. Бұл мектептің де құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталып, қыркүйек айында алғашқы қоңырау дыбысы сыңғырламақ. Айта кетейік, жаңа мектепте оқушылар білімін арттыру мақсатында білікті педагогтар сабақ беретін болады.

Жеке инвестор салған мектепте білім беру жан басына қаржыландыру арқылы мемлекеттен қаржыландырылады және тегін, оқушыларды тасымалдау үшін де арнайы автобус қаралған. Мемлекет бағдарламасы балаларымыздың сапалы білім алуы үшін өте тиімді.
“Біздің мақсатымыз — тек қана білім беру емес, оқушылардың берген білімді меңгергеніне көз жеткізу. Сол үшін БИЛ, НЗМ, iQaanat сияқты мектептер пайдаланатын EDUCON компаниясының ақпараттық технологиясын қолдана отырып, оқушы өткен сабақты
бойына сіңіріп алғанша оқытамыз. Түсінбеген тақырыбын үйде отырып, видео сабақтар арқылы қайталай алады. Мұғалімдер мен ата-аналар оқушының барлық пәндер бойынша үлгерімін жыл бойы бақылап отыра алатын болады. Мұнда біз тек оқушылардың ғана емес, мұғалімдердің де білімін арттырып отыруға көңіл бөлеміз”, — деді мектеп директоры Ақмарал Көмекқызы.
Елтай орта мектебін салған инвестор Нұрзат Ахметтің айтуынша, білім саласындағы жаңа технологиялар біздің мектепке келген оқушыларды білімді етіп шығарады. “Келер жылы, бұйырса, табиғаты керемет “Елтай” ауылына мектеп жанынан интернат салып, жақсы мектептерге қолы жетпей жүрген талапты ауыл балаларын жинап, пәндерді тереңдетіп оқытып, олимпиадаларға дайындап, міндетті түрде жоғары оқу орындарына түсіп, үлкен өмірге жолдама алып, жетістікке жететіндей тәрбие процессін ұйымдастырамыз”, — деді ол.

🔷 Мұнан соң Мұрат Дүйсенбекұлы Д.Қонаев даңғылы бойында орналасқан «Сұңқар» жаңа мектебіне бас сұқты. 850 орынға лайықталып салынған мектеп құрылысы 12 ай бойы жүргізілді. «Сұңқар» мектебінің жанында 1580 орындық №1 мектепте қазір 3228 оқушы білім алуда, көршілес 1476 орындық №47 мектепте 1977 оқушы білім алып жатыр. Сондықтан жеке мектептер мемлекеттік мектептегі оқушы жүктемелерін азайтуға септігін тигізбек.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ КЕМШІЛІКТЕРДІ ТҮЗЕТУГЕ ОН КҮН УАҚЫТ БЕРДІ

smarttop

Д. Кыдырали: Казахский язык должен быть языком единства

smarttop

SENAT OPEN ТУРНИРІНІҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру