3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 9,3 ШАҚЫРЫМ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ РЕКОНСТРУКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

❇️ Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен жылу жүйелерінің дайындығын пысықтауға арналған жиын өтті. Қазір қала аумағындағы жылу құбырларын ретке келтіру бойынша іс-шара жоспары мен штаб құрамы бекітілді. Жоспарға сәйкес 8,7 шақырым жылу жүйелері ағымдағы жөндеуден өтіп, 9,3 шақырымға қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Жобалар аясында Гагарин, Абай, Громов көшелеріндегі магистралды жылу құбырларын және Гоголь, Адырбеков көшелеріндегі жылу желілерін жөндеуден өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ қазір «3-Энергоорталық», «ҚазТрансГаз Аймақ», «ОңтүстікЖарықТранзит», «Су ресурстары — Маркетинг» коммуналдық мекемелер тарапынан да тиісті модернизациялық жұмыстар басталды.  Атқарылып жатқан жұмыстарға байланысты өткен жылыту маусымындағы кемшіліктерді ескере отырып, барлық жылу жүйелерінде, қазандықтарда, сорғы стансаларында, инженерлік жүйелерде жоспарланған жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды ескертіп отыр.Сондай-ақ, аудан әкімдеріне көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін тазалау, ішкі жылу жүйелеріндегі тозығы жеткен тік бағаналарын ауыстыруды ұйымдастыру бойынша тапсырмалар жүктеді.🔷 Мұрат Дүйсенбекұлы өткен жылыту маусымындағы кемшіліктерді ескере отырып, барлық жылу жүйелерінде, қазандықтарда, сорғы стансаларында, инженерлік жүйелерде жоспарланған жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды ескертті. Сондай-ақ, аудан әкімдеріне көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін тазалау, ішкі жылу жүйелеріндегі тозығы жеткен тік бағаналарын ауыстыруды ұйымдастыру бойынша тапсырмалар жүктеді. 🔷 Қаланың 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы бақылауға алынып, бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілетін болады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ХАБАРЛАНДЫРУ!

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ГОСПИТАЛДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

smarttop

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАР, БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ОРЫНДАРЫНАН БОСАТЫЛҒАНДАР ҮШІН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру