16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ КЕЛУШІЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ҰСЫНЫЛДЫ

🔷 2023 жылдың 17-18 тамызында «Отбасы банк» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жетекші құрылыс салушыларды бір алаңға жинап, Шымкентте жылжымайтын мүлік жәрмеңкесін өткізуде. Шараға BI Group, OKS group, Basis-A, BATSU group, Kanfar, Orda Invest, Otau Group, СПК Шымкент, Эристайл, ATQ corporation, TUMAR group, Feb group, South company, 01kz bulding, ПРЕСТИЖХАУС ЖШС, Галерея новостроек, KEREGE group және т.б. қатысты.

🔷 Жәрмеңкеге келушілер әр алуан ұсыныстардың ішінен өздеріне оңтайлы нысандарды таңдап, жылжымайтын мүлікті сатып алу тәртібі бойынша банк кеңесшілерінен жан-жақты ақпарат алып, ең тиімді төлем жолдарын есептетуге бірегей мүмкіндік алды. Іс-шараға қатысушылар жәрмеңке барысында тіпті несиеге алдын ала мақұлдау қызметін қолданып, заем алу туралы келісімін бірден сол жерде ала алады.

🔷 — Қазіргі уақытта 200 мыңға жуық шымкенттік тұрғын үй алу үшін Отбасы банкінде депозит жинап жатыр. 2023 жылдың басынан бері 15 мыңнан астам азамат дәл осы мақсатпен жаңа салым ашқан. Отбасы банкінің жинақ шоттарына деген мұндай сұраныс несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің төмен болуымен түсіндіріледі. Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне 1000-нан астам адам қатысты. Келушілерге жылжымайтын мүлік нарығының ұсыныстары таныстырылып, жәрмеңкеге алғаш келген 30 азаматқа банктің сыйлықтары табысталды. Қала тұрғындары құрылыс салушыдан ең өзекті ақпарат пен кеңес ала отырып, Отбасы банктің кеңесшілеріне есептеулер жасатып, қолайлы нұсқаны таңдай отырып, жеңілдікке ие болу қарастырылған.Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамасы бойынша мемлекеттік органдардың шешімімен енген өзгерістер мемлекеттік тіркеу мемлекеттік ақпарат жүйелерін өзара ықпалдастыру аясында жүзеге асады.

🔷 Банк клиенттері бастапқы жарнаны өз шоттарында жинақтай отырып, кейін 3,5%-дан 10%-ға дейінгі \мөлшерлемемен (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) тұрғын үй сатып ала алады. 2023 жылдың басынан бері 2567 шымкенттік осы мүмкіндікті пайдаланып, қоныстанып үлгерді, — деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «КҮТКЕН КҮН» АТТЫ СПЕКТАКЛЬ-КОНЦЕРТ ҚОЙЫЛДЫ

smarttop

Қасым-Жомарт Тоқаев:

smarttop

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру