1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

М.ӘЙТЕНОВ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

М.Әйтенов Абай ауданы тұрғындарымен кездесулері мен азаматтарды жеке қабылдауы барысында ауданға қатысты 110 хаттамалық тапсырма берген-ді. Бүгінде оның 57-сі орындалып, 53-і жұмыс барысында. Соның ішінде Ынтымақ шағын ауданына қатысты бірқатар мәселе шешілген.

Бүгін қала әкімі аудан тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелерімен бірге талқылады.

Шешімін тапқан мәселелердің бірқатарына тоқталар болсақ ;
✔ Ынтымақ-2 шағын ауданын сапалы табиғи газбен қамту мақсатында ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс жұмыстары келер жылға жоспарланған.
✔ Есенов көшесінің жарықтандырылмаған 1,2 км бөлігінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қыркүйек айында аяқталады
✔ Есенов көшесіндегі тозығы жеткен 300 метр аяқ жол салуға қаржы қаралды. Бүгінде мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қыркүйек айында аяқталады.
✔ Ынтымақ-2 шағын ауданындағы 5 топырақ жолға шағал тас төселеді. Мердігер мекеме тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Қыркүйек айына дейін пайдалануға беріледі.
✔ Темірлан тас жолынан кіретін Ирисмат ата көшесі №55 қоғамдық көліктің бағытын кеңейту жұмыстары тамыз айының соңына дейін атқарылатын болады. Сонымен қатар, аяқ жол салу жұмыстары жолды кеңейту жұмыстары атқарылған соң жүргізіледі.
✔«Жаңаталап» тұрғын алабындағы Айбар көшесінің жалғасы (0,5 км) ағымдағы жөндеу жұмыстары есебінен асфальтталады. Жұмыстар 2022 жылдың қазан айында аяқталады.
✔ «Самал-3» ш.а. кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары 75 пайызға аяқталды. Жыл соңында 4300-ге жуық үйге кәріз қосылады.

Қала әкімі Абай ауданы белсенді тұрғындарымен кездесуде қала аумағына енген елдімекендердің инфрақұрылымдық жағдайы күн тәртібінен түспейтінін, мәселенің орындалуы тұрақты бақылауда екенін жеткізді.

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің тамыз айындағы азаматтарды бірыңғай қабылдауы кезінде Самал-2 шағын ауданы Малқаров көшесінің ақсақалы аумақтың жол, қауіпсіздік, жарықтандыру мәселелерін көтерген болатын. Бүгін қала әкімі аталған көшеге арнайы барып, тұрғындармен кездесті.

Малқаров көшесінің ұзындығы 1,1 шақырым. Көшеге 2019 жылы асфальтбетон қабаты төселген.

Қоғамдық көлікке қатысты, ауданда 9 бағытта жолаушылар тасымалдануда — Арғынбеков көшесі бойынша №37, №133, №146, №149 бағыттағы қоғамдық көліктер. Өтегенов көшесімен №37, №51, №103, №126, №133, №146, №149 бағыттағы автобустар, ал Қазиев көшесімен №37, №92, №133, №141, №149 бағыттағы қоғамдық көліктер.

Жарықтандыру жұмыстарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында алдымен мектеп, аурухана секілді әлеуметтік мекемелер орналасқан орталық көшелер жарықтандырылатыны айтылды.

Жол қауіпсіздігіне қатысты шағымдарға байланысты бейнебақылау камерасын қою мүмкіндігі айтылып, көше тазалығы мәселесі талқыланды, тапсырмалар берілді.

📍 Самал-2 шағын ауданы 100 пайыз ауыз су, көгілдір отын, электр жүйесімен қамтылған. Сапалы интернет желісімен қамту келер жылы аяқталады. Биыл Ризалық, келер жылы Тынышбай ата көшесі жарықтандырылмақ.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысында 300-ге тарта шетелдік көлік уақытша тіркеуге алынды

smarttop

МЕРГЕНДЕР ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

smarttop

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығымен кездесті

smarttop

Пікір қалдыру