0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

А-2 АЙНАЛМА ТАС ЖОЛЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ 82% ПАЙЫЗҒА ОРЫНДАЛДЫ

🔷 Ташкент — Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары атқарылуда. Аталған жол 31 шақырым, 8 кезең бойынша жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов нысан басына барып, жұмыс барысын бақылады.

🔷 Бүгінде 1-ші және 3-ші кезеңінің құрылыс жұмыстары мен Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы аяқталды.
Биылғы жылдың шілде айында Ынтымақ шағын ауданына баратын жол қиылысынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты қамтитын 2-ші кезеңі толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Барлық «Ақылды қала» ұстанымдарына сәйкес, мегаполисттерде айналма жол салу өзекті болып отыр. Осы мақсатта қаламызда үш айналма жол салу жоспарланған. Оның біреуі пайдалануға берілді. Қазір бірінші айналма жолдың құрылысы басталды. Одан бөлек, Шымқаламыздың республикалық маңызы бар қала мәртебесіне сай көрікті әрі өмір сүруге қолайлы болып одан әрі дамуы үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі даму бас жоспары әзірлену барысында екі қоғамдық талқылау өтті. Әр қоғамдық талқылауға бір ай уақыт белгіленді. Сәулетшілер мен қала халықы тарапынан 140-ға жуық сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсті. Әрбір ұсыныстар мен сұрақтарға өз кезегінде жобалаушы мекеме тиісті заңдылықтарға сәйкес жауап берілді. Сондай-ақ, қала тұрғындарының тарапынан Бозарық шағын ауданының аумағынан темір жол салу туралы ұсыныс түскен болатын. Алайда бұл арнайы мамандардың және жобалаушы мекеменің жүргізген зерттеуінің нәтижесінде қалаға экономикалық тұрғыдан тиімісіз екені нақтыланды. Сол себепті қолда бар ресурстарды пайдалану мақсатында бас жоспарға темір жолды аэропорт ауданының аумағынан салу тиімді деп жоспарлануда. Бұған қаланың тұрғындары да дұрыс деген ұсыныстарын білдірді.

🔷 Жыл соңына дейін 4-ші кезеңді толығымен аяқтау жоспарланып отыр.
А-2 айналма тас жолының 4 кезеңі Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейінгі аралықты қамтиды.
Жалпы ұзындығы 1,86 шақырымды құрайтын автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты. Жолдың екі жағынан да арық, жасыл аймақ, тротуар салу, көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.
А-2 айналма тас жолын қайта құру жұмыстары 82% пайызға орындалды.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

smarttop

ЭКОНОМИКА ӨСУІНІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ БОЛЖАМЫ

smarttop

ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру