41.3 C
Шымкент
Среда, 23 июля, 2025
Smarttop.kz

ТӘЖІКСТАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

🔷 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді, деп хабарлайды Ақорда.

🔷 Сапар аясында жүргізілетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.

🔷 Сонымен қатар екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды.

🔷 Қазақстан Республикасында өтетін Тәжікстан Республикасының Мәдениет күндері аясында Шымкент қаласындағы іс-шаралар бағдарламасы:

🔷 26-28 тамыз күндері «Көрме» орталығында Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдері, отандық қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдары көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

🔷 27 тамыз күні сағат 15:00 – «Признание саразма» көркем фильмінің көрсетіліміне ұласады. («Гипер Хаус» сауда үйі);
18:00 –Халық шығармашылығы, ұлттық киімдер, картиналар мен фотосуреттер көрмесінің таныстырылымы және Тәжікстан Республикасының мәдениет және өнер жұлдыздарының қатысуымен салтанатты концерт өтеді («Түркістан сарайы» концерттік залы).

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 826 БАЛА ЕМ АЛЫП ШЫҚТЫ

smarttop

Түркістан облысында полицияға тұрғындар 50-ге тарта қару тапсырды

smarttop

ФРАКЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ ЕМХАНА ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

Пікір қалдыру