16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ — АТА ЗАҢЫМЫЗДЫҢ АРАЙЛЫ МЕРЕКЕСІ

🔷 Шымкентте 30-тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясының күні қарсаңында «Ұлы дала шежіресі – Ата заң» мерекелік салтанатты іс шарасы өтті. Қала әкімі М.Әйтенов мерекелік жиынға арнайы қатысып, қала жұртшылығы мен қонақтарын ел тарихындағы маңызды мерекемен құттықтады. Арнайы театрландырылған қойылымнан басталған салтанатты кеште Әнұран шырқалып, Көк Туымызға құрмет көрсетіліп, сарбаздар рухты асқақтататын патриоттық әндерді шырқады.

🔷 » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жаңғыртып, Әділетті Қазақстанды қалыптастыру мақсатында жүйелі реформаларды жүзеге асырып келеді. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата — бабаларымыз ұл — қыздарын жасынан бастап сан алуан іс — әрекетпен, жауапкершілікті талап ететін еңбекпен тәрбиеленген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қолғанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып — күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт — бағдарды белгілеп, қоныс — суды дәл табуға үйреткен.
Бүгінде Қазақстан құқықтық-демократиялық дамудың жаңа бір кезеңін бастан өткізіп жатыр.

🔷 Азаттығымыздың айшықты айғағы айналған Ата Заң — тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы. Халықтың өзі дауыс беріп қабылдаған өзгерістер арқылы Конституциямыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылып отыр» — деді қала әкімі.

🔷 Салтанатты басқосу
ел мен ұлттың ынтымағы, дамуы жолында үлес қосып келе жатқан азаматтарды марапаттау рәсіміне ұласты. Ата Заңымыз ұлықталған мерекелік іс шарада қалалық мәдениет үйі өнерпаздары, цирк әртістері мен өзге де жергілікті өнерпаздар патриоттық бағыттағы ән-жырлары мен қойылымдарын көпшілікке ұсынды.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА КОММУНАЛДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ ТӨЛЕНЕДІ

smarttop

ШЫМСАЯ ШАТҚАЛЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ АЙНАЛАДЫ

smarttop

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ БАРЫСЫ АЙТЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру