9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

2024-2028 ЖЫЛДАРҒА БОЛЖАМ: ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІНІҢ ӨСІМІ 4 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

🔷 Бүгінгі Үкімет отырысында еліміздің 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы мен геология саласын дамыту шаралары қаралды.

🔷 Шымкенттің 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес әзірленуде. Қаладағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстары, сауда және қызмет көрсету салаларындағы өсіміне байланысты, өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн.теңгеге болжанып, жыл сайын орташа 4 пайыздық өсім күтілуде.
Қаланың 2024-2026 жылдарға жоспарланған бюджет көлемі 551 млрд.теңге құрауда. Бюджет жоспарлау барысында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында денсаулық сақтау, білім, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілді.

🔷 Премьер-Министр үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы, ең алдымен, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесін толық және уақытылы орындауға, сондай-ақ экономиканың сапалы және орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанына тоқталды. Жалпы жан-жақты ойластырылған әрі теңгерімді бюджет жобасы қалыптастырылды. Үкімет басшысы экономиканың нақты секторында өңдеу өнеркәсібін дамытуға, бизнесті қолдауға, көлік инфрақұрылымын дамытуға және газдандыруға басымдық берілетінін айтты.

Қала тұрғындары күнделікті қарбалас уақытта байқамауы мүмкін, егер жіті назар аударсаңыз, айналаңыздағы сауда орталықтарының кіре беріс тұсында орналасқан орындықтар, ауладағы ойын алаңшаларының әткеншектері өзіміздің отандық өнімдер. Мәселен, «SHEGEN» сауда үйі» 2007 жылы құрылып, шағын фирмадан ірі компанияға айнала білген шымкенттік жиһаз өндіруші мекеме.

🔷 Ол Қазақстанның нарығына ғана емес, шет мемлекеттерге де өнімдерін шығарып үлгерді.
Қазіргі уақытта кәсіпорында 260-тан астам маман жұмыс істейді. Компанияның негізгі қызметі — кез келген күрделі құрастырылатын жиһаз өндірісі. Кәсіпорынның Германия, Қытай, Израиль, Түркия, АҚШ, Корея, Тайвань және т.б. елдермен халықаралық саудада үлкен тәжірибесі бар. Сондай-ақ, ТМД елдерінің компанияларымен тығыз серіктестік орнатылды.

Үкімет басшысы маңызды міндет – бюджет қаражатын барынша тиімді пайдалану екенін ескертіп, ұсынылған құжаттар бойынша заң жобалары мен Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ҚР Парламентіне енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 15 АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҮЙРЕТЕТІН МЕКТЕПКЕ ЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ

smarttop

ЫНТЫМАҚ ШАҒЫН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру