16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

🔷 Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытай халық республикасынан келген инвесторлармен кездесті.

🔷 Жиында қала басшысы инвесторлармен байланыс орнатуға дайын екенін жеткізді.

🔷 – Қош келдіңіздер! Сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын! Біздің қала Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығы болу үшін зор әлеуетке ие. Сол себепті қызығушылық танытқан инвесторларға әрдайым есігіміз ашық. Бұл ретте Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын айтқым келеді. Ендігі кезекте нақты ұсыныстарыңызбен бөліссеңіздер, – деді Ғ. Сыздықбеков.

🔷 «Қытайдың темір жолы № 3 Инженерлік Корпорациясы» ЖШҚ-ның бас директоры Луй Кай Шымкентке екінші рет келіп тұрғанын айтып, 2 200 жылдық тарихы бар қаланың келбеті көркем екенін алға тартты. «Үшінші мегаполистің дамуы әбден жарасымды. Осы орайда қаланың көркем келбетін арттыра түсу үшін ортақ күш салу мақсатында келіп отырмыз. Біздің мемлекеттік компанияның жобалары үздік, әлемдік бәсекелесте озық тұр. Іске асырған жұмыстарымызды сізге ұсынып, өзара ынтымақтастықты қоқыс қалдықтарын өңдеу жобасынан бастасақ», – деді. Еліміз көршілес мемлекеттермен тығыз ынты¬мақтастық орнатып, сауда-саттық, қауіпсіздік және басқа да өзекті мәселелер бойынша оңтайлы саясат жүргізіп келеді. Осы орайда елімізбен іргелес жатқан Қытай мемлекеті¬мен арадағы байланыстың маңыз¬ды ¬екені анық көрінеді. Өйт¬кені, әле쬬䬳к экономикадағы жетеꬬші орынға ие бұл елмен орнатылған қарым-қатынас¬ ерекше мәнге ие. Қытайдың экономикалық және саяси ықпалының артуының негізгі қозғаушы
күштерінің бірі шетелдік инвестицияны ынталандыратын экономикалық реформалар болды. Бұл инвестициялар Қытайға өзінің негізгі салаларын дамытуға, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және сауданың өсуіне мүмкіндік береді. Қытай экономикасының көтерілуі және айтарлықтай үнемдеу оны ең ірі әлемдік инвесторлардың біріне айналдырды. Сондықтан, бұл сараптамада Қытайдың шетелдік инвестицияларының динамикасы мен заңдылықтарын талдау арқылы оның ықтимал әсері көрсетілді.

🔷 Кездесу барысында қала әкімі қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытын салуға ниетті компания басшысына: «Екі ел арасындағы ынтымақтастық стратегиялық сипатқа ие. Кез келген жоба, ең алдымен, қарапайым халыққа тиімді болуы керек. Сондықтан ұсыныстарыңызды жан-жақты зерделеуіміз керек», деп жауабын берді.

🔷 Кездесу соңында бас директор Луй Кай қарбалас жұмыс барысында қала әкімінің кездескеніне ризашылығын білдірді.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢАТАЛАП САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛУДА

smarttop

БАЛАЛЫҚ АРМАНЫ ОРЫНДАЛҒАН – ШАХЛО

smarttop

ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру