4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ӨТУДЕ

🔷 Бүгін Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің «Көрме» орталығында кезекті бірыңғай қабылдау күні өтіп жатыр.

🔷 Қала тұрғындарын қабылдау күнінде 200-ге жуық азамат өтініш білдірген.

🔷 Сондай-ақ әкім орынбасарлары, департамент басшылары, аудан әкімдері, басқарма басшылары және тиісті мамандар да тұрғындардың мәселелерін тыңдауда.

🔷 Қабылдауда қала әкімі халықтың ұсыныс-тілегін ескеріп, өтініш білдірген тұрғынның бәрін қабылдайтынын жеткізді.

Тұрғындар бизнес бастауға грант алу жолдарын, арнайы әлеуметтік көмек түрлеріне жазылу, жер телімдерін заңдастыру, жер телімдерінің нысаналы мақсатын ауыстыру, тұрғын үйге кезекке тұру, баспананы жалға алу, жылыту маусымындағы жылу жүйелерінің сапасы секілді басқа да өзекті мәселелерді көтерді. Денсаулық пен білім беру салаларындағы бірқатар проблемалар да айтылды. Одан бөлек, қоғамдық мәселені арқалап келген бірнеше азамат жол құрылысының сапасы, мектеп пен емхана құрылысы, бағдаршам орнату секілді ұсыныстарын жеткізді. Жаңа жылдағы алғашқы бірыңғай қабылдауға 300 азамат жазылып, өтініш білдірді. Оларды қала әкімі және салаға жауапты әкім орынбасарлары, басқарма басшылары, Шымкент қаласының прокуратура және қалалық полиция департаменті қызметкерлері, мемлекеттік орган өкілдері қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдады.

Шаһар басшысы халықтың өтініштерін мұқият тыңдап, барлық мәселе заң талаптары аясында шешілетінін атап өтті.

“Барлық мәселенің шешілу жолы заң шеңберінде қаралып, тиісті сала мамандарының талқылауымен жан-жақты саралана отырып хаттамаға енгізілді. Хаттамаға енгізілген кейбір сауалдардың шешімін бірден тапсақ, кейбірін іске асыру үшін ұзақ мерзім қажет”,-деді қала әкімі.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚР ТЖ МИНИСТРІ АРИНОВ ЧИНГИС ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

smarttop

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «НАУРЫЗ-ДУМАН» МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру