Әлеуметтік желілерде азаматтарды кезекті бірыңғай қабылдау кезінде Шымкент тұрғындары «айқайлап, жанжалдасып жатқаны туралы» ақпарат тарады.
Дәстүрлі қабылдау әр айдың бірінші сәрсенбісінде жүйелі түрде өткізіледі. Қала әкімінің қабылдауына кіруге ниет білдірген халықтың көп болуына байланысты қалыптан тыс жағдай туындады.
Қабылдау кезіндегі тұрғындардың кезегін реттеу мақсатында таңғы сағат 8-ден бастап талондар беріле бастады. Нәтижесінде қала әкімінің қабылдауына 200-ден астам адам жазылды.
Сонымен қатар, әртүрлі саладағы қалалық басқарма және құқық қорғау органдарынның басшыларының қабылдауына алдын-ала жазылу бойынша 350-ден астам адам кірді.
Одан бөлек, көптеген қала тұрғындары талонсыз және кезекті сақтамай қабылдауға кіруге ұмтылды. Өтініш берушілердің бір-біріне де, әкімдік қызметкерлеріне де дөрекі қарым-қатынас жасау фактілері болды. Қазіргі таңда Шымкент полиция департаментінің қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
_____________________________________________________________________
В социальных сетях распространяется информация о том, что жители Шымкента «кричат, ругаются…», во время очередного единого приема граждан.
Традиционный прием на системной основе проводится каждую первую среду месяца. Внештатная ситуация возникла в следствии большого наплыва населения, желающих попасть на приеме к акиму города.
Так, в целях систематизации очереди выдача талонов организована с восьми утра. В результате, непосредственно к акиму города записались более 200 человек.
Кроме того, по предварительной записи на прием к различным городским и правоохранительным структурам записались более 350 человек.
Вместе с тем, многие горожане пытались прорваться на прием без талона и без соблюдения очередности. Имелись факты грубого отношения заявителей как друг к другу, так и к сотрудникам акимата.
В данное время полицейские Шымкента разбираются в произошедшем.