Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында 2023 жылы жалпы ұзындығы 6,8 шақырымды құрайтын 28 көшені асфальттап, 4,3 шақырымды құрайтын 12 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жоспарланған болатын.
Шымкент қаласындағы шағынаудандар мен көшелерге атау беру және қайта атау жұмыстарын жүргізуге байланысты ҚР Үкіметінің Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезіндегі тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес, Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен көпшілік тыңдау өтті. Жиын барысында аудандағы жаңа атау берілетін және атауы қайталанатын, атауы моральды тұрғыдан ескірген көшелер мен шағынаудандар бойынша жаңа атаулар таныстырылып, тұрғындар тарапынан қолдау тапты.
Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы аумағында 404 көше мен 15 шағынаудандар орналасса, 5 шағынауданға мәслихат шешімі шыққан болса қалған 10 шағынауданға шешім шығару үшін және аудан аумағындағы атауы жоқ, атауы моральды тұрғыдан ескірген және атауы қайталанатын 55 көше бойынша хаттамалары дайындалып, шешім шығару үшін мәслихатқа ұсынылуда.
Әл-Фараби ауданында құрылған кезекші топ аудан аумағындағы Сәуле ш.а. Тұмарлы, Зерделі, Жеңістің 50- жылдығы көшелері, Самал 2 шағынаудандары, Жанкент, Байдала көшелері және т.б. көшелерде арнайы техникалардың көмегімен су тарту жұмысын жүргізуде.
Қазіргі кезге дейін 25 көше орташа жөндеуден (асфальтталды) өтті. Қалған 3 көшеге асфальт төсеу үшін дайындық жүріп жатыр. Ал 12 көшеге шағал тас төселіп бітті.
Қонаев даңғылы мен Рысқұлов қиылысындағы айналма жолда насостар жұмыс жасап тұр.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерде су басу қауіпі жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі