1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚҰРСАЙ ЕЛДІМЕКЕНІ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

🔷 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран ауданы тұрғындарымен кездесуде көтерілген өзекті мәселерге байланысты Құрсай елдімекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

🔷 Құрылыс екі кезеңде атқарылуда. Бірінші сатыда мердігерлер шағынауданға су жеткізу үшін ұзындығы 185,5 шақырымды құрайтын құбырларды жүргізуде. Жаңа желілер арқылы 5 мыңға жуық отбасыға ауыз су жеткізіледі. Құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңі қараша айында аяқталады. Қазіргі таңда құрылыстың 99 пайызы орындалған.

🔷 Ал екінші кезеңдегі жалпы су жүйелерінің ұзындығы — 151 шақырым. Бүгінге дейін жұмыстардың 98 пайызы аяқталған. Нәтижесінде жыл соңында 3 мыңнан астам абонент ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, Агрофирма Құрсай елдімекені Сарытау соңы, Ақбастөбе көшелеріне жол салу құрылысы жүруде. Өткен жылы ауылдық су құбыры жүйелерін жаңартуға арналған 13 жобаға 2,4 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, 551 шақырым ауылдық су құбырлары қайта құрылып, 4 485 бірлік су өлшегіш құралдары қойылған. Сондай-ақ, баламасыз және оқшау су жүйелерін құруға 2,3 млрд теңге субсидия бөлініп, 300 мыңнан астам халық тұратын 159 ауылдық елді мекенге жеңілдетілген тарифпен ауыз су берілді. Жаңақорған ауданындағы Талап және Сырдария топтық сутартқышы, Шиелі ауданындағы Жиделі топтық сутартқышының құрылысы, елді мекендерді жерасты суына көшіру жобалары жалғасын тапты. Нәтижесінде, Жиделі топтық сутартқышына Шиелі ауданының Алғабас және Бидайкөл ауылдары қосылды.

🔷 2023 жылдың соңына дейін Құрсай елдімекені бойынша 40 көшеге 16,4 шақырым шағал тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Бүгінде дейін 32 көшеге 15,2 шақырым шағал тас төсеу жұмысы аяқталды.

🔷 Көшелерді жарықтандыру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Бүгінгі күнге дейін Аққыстау және Қармақшы көшелері жарықтандырылса, Таңатар көшесін де жарықтандыру жоспарланған.

🔷 Қала әкімі жауаптыларға құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, мерзімінде атқару бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ПРЕЗИДЕНТ: КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІС САЛДАРЫН АЗАЙТУҒА ҰМТЫЛУ- ҒЫЛЫМ АЛДЫНДА ТҰРҒАН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

smarttop

ЗАҢСЫЗ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫҒЫ ӨНІМІ 50 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

smarttop

Пікір қалдыру