Шымкентте ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай ауданы аумағында су басу қауіпі бар аумақтарда арнайы кезекші бригадалар мен әкімдік қызметкерлері жұмыс атқаруда.
Атап айтқанда, 112 орамда орналасқан Юнатов, Аққараған көшелері, Қатынкөпір ш.а Майлин, Шұғыла ш.а Қазына, Алтынғасыр Қазығұрт ш.а Бөгенбай батыр, және Өтегенов Төлеметов көшесінің қиылысына және Республика Бейбітшілік көшелерінің қиылысына арнайы техникалардың көмегімен су тарту жұмысы жүргізілді.
Жауын-шашынның салдарынан және жер асты сулары көтеріліп, жоғарыда айтылған мекенжайларды су басу қауіпі анықталған. Осыған байланысты шаһар басшысы Мұрат Әйтенов аталған аймақтарға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарды жіті бақылап шықты.
Қала әкімі аудан басшыларына жағдайды үнемі бақылауда ұстап, аталған нүктелерде су тарту жұмыстарын дер кезінде жүргізіп отыруды тапсырды.Осы орайда облыстардағы тиісті мекемелер барлық мүмкіндіктерді қарастыра отырып, қауіпті аймақтарды қатаң бақылауға алуда. Тасқынға қарсы күреске қажетті материалдар жеткілікті деңгейде жинақталған. Елді мекендерді су басқан жағдайда тұрғындарды көшіру, олардың өзге де қажеттіліктерін өтеу мәселелері де басты назарда тұр. Облыстардан келіп түскен ақпараттарға қарағанда, барлық ұйымдастыру жұмыстары қарапайым тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жауын-шашынның әсерінен пайда болатын қауіпті алдын алу шаралары басталып кетті. Сондада қала тұрғындарына хабарландыру арқылы сақтануларын сұрады.
Сонымен қатар, колос аумағы, Бекжан базар аумағындағы тоннелдерде бақылауға алынған.
Бұл жұмыстарға «Build Stroi» ЖШС арнайы 15 техника су тартатын және 30-ға жуық жұмысшы қызметкерлер жұмылдырылды.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерге су басу қауіпі жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда.