Шымкенттегі Тұран ауданына қарасты Ақтас елді мекеніне табиғи газ берілді.
Құрылыс жұмыстары былтыр басталып, мерзімінен кешіктірілмей 16,7 шақырымға газ құбыры тартылып бітті. Нәтижесінде аталған аймақтағы 1380 тұрғын көгілдір отынмен қамтылып отыр.
Елді мекенде жайлы ортаны қалыптастыру және инжинерлік инфрақұрылыммен қамту бағыты қала әкімінің бақылауында.
🚰Шағын аудан ауыз сумен толық қамтылған.
💡100% мемлекеттік жүйедегі сапалы электр тартылған.
🔥Табиғи газбен қамту үшін бүгінде құрылыс жұмыстарын «Ремстрой» ЖШС жүргізуде. Пайдалануға беру мерізімі 2022 жылдың соңына жоспарланған.
🛣️18 көше бар. Оның 3-і асфальт, 10 тас жол, және 5-і топырақ жол.
2021 жылы 2,8 шақырымға шағал тас төселген.
Биыл атауы жоқ №3 және 4 көше орташа жөндеуден өтеді.
⚽ 2021 жылы 1 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді.
🚌Қазір №147 бағыттағы қоғамдық көлік қатынайды.
Ескерер жәйт, тұрғындар «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан техникалық шарт алулары тиіс.
Қазіргі уақытта Ақтас елді мекеніндегі құжаттары дайын тұрғын үйлерге рет-ретімен газ берілуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі