13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

АҚТАС ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

🔷 Шымкенттегі Тұран ауданына қарасты Ақтас елді мекеніне табиғи газ берілді.

🔷 Құрылыс жұмыстары былтыр басталып, мерзімінен кешіктірілмей 16,7 шақырымға газ құбыры тартылып бітті. Нәтижесінде аталған аймақтағы 1380 тұрғын көгілдір отынмен қамтылып отыр.

Елді мекенде жайлы ортаны қалыптастыру және инжинерлік инфрақұрылыммен қамту бағыты қала әкімінің бақылауында.

🚰Шағын аудан ауыз сумен толық қамтылған.

💡100% мемлекеттік жүйедегі сапалы электр тартылған.

🔥Табиғи газбен қамту үшін бүгінде құрылыс жұмыстарын «Ремстрой» ЖШС жүргізуде. Пайдалануға беру мерізімі 2022 жылдың соңына жоспарланған.

🛣️18 көше бар. Оның 3-і асфальт, 10 тас жол, және 5-і топырақ жол.
2021 жылы 2,8 шақырымға шағал тас төселген.
Биыл атауы жоқ №3 және 4 көше орташа жөндеуден өтеді.

⚽ 2021 жылы 1 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді.

🚌Қазір №147 бағыттағы қоғамдық көлік қатынайды.

🔷 Ескерер жәйт, тұрғындар «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан техникалық шарт алулары тиіс.

🔷 Қазіргі уақытта Ақтас елді мекеніндегі құжаттары дайын тұрғын үйлерге рет-ретімен газ берілуде.

Ал, Әл-Фараби ауданына тоқталар болсақ, өткен 2022 жылы Сәуле шағын ауданы мен Текесу елді мекенінде орталықтандырылған ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Соның нәтижесінде ауданда ауыз су мәселесі толығымен шешіліп отыр. Оған қоса өткен жылы Ақтас-2 елді мекені мен 195 орамда газ құбыры тартылды. Ал, биыл 276-шы орамда газ құбырының құрылысы жүріп жатыр.
Өткен жылы Шымкент қаласы Абай ауданында Ынтымақ-2 шағын ауданының батыс бөлігі сапалы электр қуатымен, Асар-2 шағын ауданы ауыз сумен, Ынтымақ шағын ауданы мен Көкбұлақ тұрғын алабы табиғи газбен және Самал-3 шағын ауданы кәріз жүйесімен қамтылды.
Жаңадан құрылған Тұран ауданында Ақтас және Жаңаталап елді мекендерінің аумағы 2022 жылы толығымен газдандырылды. Биыл Айкөл елді мекеніне табиғи газ құбыры тартылады деп жоспарланған.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «ІСКЕР ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 153 ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН КЕМШІЛІКТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

smarttop

ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖҮРУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру